Сабақтың тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. С дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту. Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. 2. С дыбысы бар сөз, сөйлем құрату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, жұмбақ шешу, ребус.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-амандасу, түгендей, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысымен
-Б дыбысына сөздер ойлатқызу
-Бақа, балық, балмұздақ,
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Б дыбысы дауыссыз дыбыс, ұяң, кедергіге ұшырайды.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту: Жұмбақ шешу.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын соны тапсаңыздар келесі дыбыспен танысамыз.
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығымен суырып
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
Өміріңді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай. (Сағат)
Сәбіз неше дыбыстан құралған? Сәбіз сөзін буынға бөлгізу, с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу. ( 5-дыбыс, сә-біз, 1-ші буын-сә, 2-ші буын-біз).
Сағат неше дыбыстан құралған? Сағат сөзін буынға бөлгізу, с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу. ( 5-дыбыс, са-ғат, 1-ші буын-са, 2-ші буын-ғат).
Тіл ұстарту жаттығуы
Са-са-са
Ызыңдайды маса
Оқулықпен жұмыс
-Балалар, канекей оқулығымызды ашайық бүгін біздің танысатын дыбысымыз оқулығымыздың оң жағында екен.
- С дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыздың қайсысы-қатаң, көк түспен белгіленген.
- Енді балалар, оқулығымыздағы суреттерге назар аударайық.
-Асық, сандық, күнбағыс
-Осы сөздерді түсіндіріп, буынға бөлу,
-Бағандағы сөздерді оқыту, түсіндіру.
-Бос торкөздегі сөздерді толықтыру.
-сөйлем құрату (асхана, аспан)
-сөз құрату (бас, тас, лас).
Сергіту сәті
Орынымыздан тұрайық,
Қол-қолға ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс
Ең алдымен ауада жазғызу
Үлгі бойынша c әрпінің баспа түрін жазғызу.
Бос торкөздерді толтыру.
Дидактикалық ойын: Өткен әріптермен және С әрпінен басталатын ребусту сурет арқылы шешу, оған сөйлем құрату.
Қорытындылау
-Балалар осымен сабағымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызшалар, төртбұрыштармен бағалау, мадақтау.