Жамбыл облысы
Тараз қаласы
№11 орта мектебі
Мұғалім:Чмаева Ж.Д.
2 «Б» сыныбы
Қазақ тілі Сабақ №
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 9-15 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларда сөйлеу мәдениетінің адамдармен араласудағы қажеттілігі мен маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Әдептіілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Ой тастау: «Әдепті өйлеу қажет пе?»
Осы тақырыпты талқылай отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жаңа сабақ.
Оқушыларда мәдениетті сөйлеу мәнерін қалыптастыру;
Мәдениетті сөйлеудің қажеттілігі мен маңызын ұғындыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Пікірлесе отырып 9−жаттығуды орындау.
Сәлемдесу үлгілерін оқы.
Сәлемдесу үшін айтылатын сөздерді көшіріп жаз.
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөз білесің?
Сәлемдесу түрлері
Ата мен баланың амандасуы
− Ассаламағалейкум, ата!
− Уағалейкумассалам, балам!
− Күйлі −қуаттымысыз?
− Құдайға шүкір, балам, аман−сау жүріп жатырмыз.
Әже мен баланың амандасуы
− Армысыз, әже!
− Бар бол, балам!
− Күйлі−қуаттысыз ба, әже?
− Құдайға шүкір, жақсымын, балам.
Пікірлесу.
Сен әкеңе, анаңа қалай сәлемдесесің?
Сен ағаңа, ініңе қалай сәлемдесесің?
Сен туыстарыңа қалай сәлемдесесің?
Сен жолдастарыңа, достарыңа, сыныптастарыңа қалай сәлемдесесің?
10-14−жаттығуларды орындау.
Өткен сабақтарды пысықтау.
Сөз таптары.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Заттың атын білдіретін сөздер (Зат есім), сұрақтары, мысалы.
Заттың қимылын білдіретін сөздер (Етістік), сұрақтары, мысалы.
Заттың сынын білдіретін сөздер (Сын есім), сұрақтары, мысалы.
Заттың санын білдіретін сөздер (Сан есім), сұрақтары, мысалы.
Үйге тапсырма: 15-жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.