Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық, буындық
талдау жасату.
2. Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, тілін дамыту.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: мәтінге байланысты суреттер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру: а) сабаққа зейінін аудару.
ә) психологиялық дайындық.
-Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!
Біз қандаймыз?
Еңбекқор, алғыр.
Тәтті балдаймыз!
Біздің сынып қандай?
Татулығы жарасқан
бірінен бірі асқан.
Шұғылалы таңдаймыз.
Еңбектенуден тынбаймыз!
Қазір қандай сабақ?
Әліппе
Әліппе пәнінен нелерді білеміз?
42 әріптерді танимыз, оқуды, жазуды үйренеміз.
Ия, Әліппені меңгеру үшін жалықпай оқып, еңбектену керек екен.
Сонымен әріп дегеніміз не? (көреміз, жазамыз)
Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)
Дыбыстар неше топқа бөлінеді? ( 2. Дауысты, дауыссыз)
ІІ. Үй тапсырма тексеру, өткенді қайталау:
Мұғалім өтілген Ө әріпін көрсетеді.
Сол әріппен басталған бір сөз айтады.
Сол сөзге сөйлем құрайды.
Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
- Кәне үйге берілген тапсырманы кім айтады екен? / Бөпешім жаттау, бағандағы сөздерді оқу/
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер,бүгінгі өтетін дыбыс шығады.
Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Дұрыс балалар, Ү дыбысы екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
- Мынау не? - Үкі
- Үкі – түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш құс.
Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын) /Ереже айтқызу./
Дыбыстық талдау жасау.
Ү – дауысты.
К – дауыссыз.
І – дауысты.
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү – жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз де, қызыл үйге кіргіземіз.
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?
- Сөздің басқы буындарында жазылады. Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
(«Ү» әрпінің баспа, Ү жазба түрлерін көрсету.)
Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү - жіңішке дауысты дыбыс, Ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Суретпен жұмыс
Суретте салынған «үйрек» туралы айту.
Дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй – рек.
Ү – дауысты
Й – дауыссыз
Р – дауыссыз
Е – дауысты
К - дауыссыз
ІУ.Оқулықпен жұмыс.
Бағандағы сөздерді оқу. / жеке – жеке оқу, түсіндіру /
У. Сергіту сәті:
Өлең жолдарын қимылмен орындайды.
Көжектерім тұршы,
Қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бойыңды жазшы,
Айналаңа қарашы.
Аяғыңды басшы,
Орыныңды тапшы.
УІ.Тақтадағы сөздерді оқыту
Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі
УІІ. Дәптермен жұмыс:
Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.
Тірек – сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
УІІІ. Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.
«Өз орныңды тап» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ү, т, л, і, к – түлкі. і, к, ү – үкі. р, к, е, й, ү – үйрек.
ІХ.Бағалау. (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш)
Х. Үйге тапсырма.
Ү дыбысы мен әрпі.