Күні: | Қазақ тілі | 3-сынып |
Сабақ тақырыбы: | Сөз таптары |
Жалпы мақсат: | Сөз таптары туралы білімдерін кеңейту. Сөз таптарының түрлері туралы түсінік беру. АКТ-ны тиімді пайдалану ( презентация) |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілін оқыту әдістемесі 3-сыныпқа арналған қазақ тілі. Портал материалдары
|
Оқу нәтижесі: | Сөз таптары жайында толық ақпарат алу. Сөз таптарының сұрақтарын білу, талдау, түсіну, қолдану. |
Негізгі идеялар: | Сөйлемдерді талдау барысында етістіктердің қызметін, маңызын түсіну |
Сабақта қолданыла- тын материалдар: | тест тапсырмалары, карточкалар, спикер, смайликтер, |
Оқыту әдістері: | Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ- жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау. Жұмыс түрлері: жеке. Жұпты |
Дерек көздері: | |
Тапсырмалар: | Кітаппен жұмыс, ойындар, |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Оқушылармен амандасамын.
Тренинг «Көңіл-күй неге ұқсас?»
Оқушылар бүгінгі сабақ басында өздерінің көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді
ІІ. Білу
5 мин
Үй жұмысын тексеру, бағалау.
6 жаттығудың орындалуын тексеру
Оқушылар бір- бірімен ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап береді. Дәлелдейді
ІІІ. Түсіну
10 мин
-Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағанан заттар қоршап тұр.Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз
-Қандай сөз таптарын білеміз?
-Олардың сұрақтары қандай?
-Мысал келтір.
3-жаттығу
Сөздерді оқу, сұрақтар қойып мағыналарына қарай кестеге орналастыру
Жұппен жұмыс
2жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланады
Бірінші тапқан жұпқа сыйлықтар беріледі (кәмпит, қаламсап, кітапша, )
Тапсырманы орындайды
Қолданады, қорғайды
Спикерлер арқылы бағаланады.
І V. Қолдану
7 мин
Оқушылар берілген уақыт ішінде 4 жаттығуды орындау.
Заттың атын білдіретін сөздерге заттың қимылын білдіретін сөздерді тіркестіріп жазу.
Формативті бағалау
5 жаттығу Ойын «Бір сөзбен не дейміз ?»
Өздерін бағалауларын ұсыну
Қайық жүзеді, бақа секіреді, ұшақ ұшады, ағаш өседі, құс ұшады ..
Топ ішінде оқып береді, топтан бір оқушы сыныпқа оқып береді.
Бағалау жұмысы жүреді
Түйе, жылықы-...................
Кесе, қасық-.........................
Қияр, сәбіз-...........................
Өзін-өзі бағалау.
V. Жинақтау
6 мин
Берілген жаңылтпашты жатқа жазу, сөздерді сөз таптарына талдау, сұрақтар қою
-Балалар, біз бүгін не үйрендік? Білгендерімізді сәйкестендіру тестін орындау арқылы тиянақтай түсейік:
Зат есім әдепті, қызық
Етістік жеті, тоғыз
Сын есім біледі, өсті
Сан есім аққу, емен
1.Берілген тапсырма бойынша ой шақырады, идеяларын дәптерге жазады.
2. Ортақ тұжырым құрастырады
3.Сыныпқа жариялайды.
Топтар қорғайды
VI. Бағалау
2 мин
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)
Бір- біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады
VII. Кері байланыс
2 мин
Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып смайликтерге жабыстыру.
VIIІ.Үйге тапсырма
1 мин
Ережелерді оқу, жаттығу жұмыстары.
Инсерт кестесін үлестіру.
( білдім, не білдім, білгім келеді) 6 жаттығу
Қорытынды жасайды, ой толғайды.