Сабақтың тақырыбы: Санды, әріпті өрнектер
Мақсаты:
1. Оқушылардың санды, әріпті өрнектер жайындағы білімдерін толықтыру, өрнек түрлерін, әріпті, санды өрнектерді пысықтау.Оларды оқу, жазу, салыстыру, құру әрекеттерін орындай отырып ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, топтық, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) Амандасу, сәттілік тілеу
Сәлем, көрші
Сәлемімді қабыл алшы
Жабырқамай күлімдеші
Тамаша ғой бүгін деші
ә) Топқа бөліну
Дене шынықтыру пәні бойынша саптық ретпен саналу. (Бірінші, екінші, үшіншіге)
І, ІІ, ІІІ- топқа бөлінеді.
Топ құрамын сайлау (Топ басшысы, баяндамашы, хатшы, таймкипер)
Бағалау парақшаларын тарату
ІІ. Өткенге шолу. «Миға шабуыл»
Балалар, қазір қай мезгіл?
Күз
Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер, ерекшеліктер болады?
Күн суытады, жауын- шашын көп болады, астық орылып, қамбаға жиналады, адамдар, жан- жануарлар қысқа дайындық жасайды,құстар жылы жаққа ұшып етеді.
Құстарды неше топқа бөлеміз? Жабайы және үй құстары. Айырмашылықтары: Үй құстары адам көмегін қажет етеді, адамдар оны азық ретінде тұтынады. Жабайы құстар адам көмегін қажет етпей, өз бетімен тіршілік етеді.
Ендеше, балалар, жабайы құстардың ішінде жылы жаққа ұшып кететін және қыстап қалатын құстар да бар. Біздің жерімізде сондай құстар мекеніне ұша алмай, қиналып жүр екен, соларға көмек беруге дайынсыңдар ма?
Олай болса, сендер өткен тақырыптарға байланысты берілген мынадай сұрақтарға жауап беру арқылы құстарға қамқорлық жасай аласыңдар. Теңдеу дегеніміз не?
[pic]
Жарайсыңдар, балалар! Құстар сендерге алғыстарын білдіруде.
Балалар, құстар сендерге өздерінің артына сиқырлы сөздер жасырыпты, оқып көрейік.
«Санды, әріпті өрнектер»
Балалар, бұл жай сөз емес, сендердің бүгін танысатын қызыққа толы, ерекше сабақтарың болмақ.
[pic]
«Сәйкестендіру» арқылы оқушылар жаңа тақырыппен танысады.
Неше әріпті өрнек жаздың? Неге әріпті өрнек дейміз?
Неше санды өрнек жаздың? Неге санды өрнек дейміз? Олардың бір- бірімен айырмашылықтары неде? Ұқсастықтары қандай?
Әріпті өрнекке де, санды өрнекке қайсысы жатпайды? Неліктен?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Өзім толықтып өтемін.
Тақырыпты толық игеру үшін топпен түрлі бағытта жұмыстар орындатамын.
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Тапсырмаларды орындау арқылы берілген гелметриялық фигуралардан бейне құрастыру қажет. І- топ: «Үй», ІІ- топ: «Гүл», ІІІ- топ: «Аққала» бейнелерін жасап ат қойып, әңгіме құрастырып, ойларын ортаға салады.
[pic]
Топтарға қосымша шығармашылық тапсырманы орындатамын.
[pic]
Әр топтың жұмыстарын бөлім бойынша бағалап отырамын.
[pic]