Тақырыбы: 1000 көлеміндегі ауызша есептеу тәсілдері
Мақсаты: Оқушылардың 1000 көлеміндегі ауызша есептер шығару іскерліктерін
қалыптастыру
Білімділік: Оқушылардың 1000 көлемінде берілген есептер туралы білімдерін
кеңейту, ауызша есептеу тәсілдері туралы мағұлмат беру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа, ақыл-ой белсенділігін
арттыруға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін
зейінін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру
VI. Бағалау
І.Ұйымдастыру бөлімі
( Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру)
Психологиялық дайындық
Оқу, білім- жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің , іздеп көрсең, қоймасаң,
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
М: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Сіздерге сәттілік тілеймін
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
М: Үйге қандай есеп берілді?
О:№ 6 есеп
М: Кім оқиды?
О:
ІІІ. Жаңа сабақ
М: Балалар сендер 3 топқа бөлініп отырсыздар. Әр топ өздерін таныстырып шығыңдар.
І топ «Білгірлер» тобы
ІІ топ «Алғырлар» тобы
ІІІ топ «Жүйріктер » тобы
М: Жарайсыңдар, балалар сендердің топ басшыларыңа бағалау белгілерін беремін. Мұндағы дөңгелек «5» деген баға , шаршы «4» деген баға, үшбұрыш «3» деген баға. Топ басшылары топтарыңыздағы оқушыларды бағалап отырасыздар.
-Балалар бүгін біздер 1000 қөлеміндегі ауызша есептеу тәсілдеріне байланысты есептер шығарамыз.
1-тапсырма . Математикалық диктант
1.1метрде неше сантиметр бар?
2. 58 бен 2 сандарының қосындысы нешеге тең?
3. 12 мен 50 сандарының қосындысына 8-ді қос
4. 1 минутта неше секунд бар?
5. 5 жүзд. 6онд. 5. Бірл қандай сан?
6. 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал.Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?
2-тапсырма.
3 – топқа сандар беріледі. Олар разрядтық қосылғыштарға жіктеп жазады
3-тапсырма.Есептеуді түсіндір
70+14=84 80-52=28 58+2=60
370+14=384 780-52=728 580+20=610
35+23=58 750-21=729 39+2=41
350+230=580 750-210=540 390+20=410
60+23=83 50-21=29 390+200=590
560 + 23 =583 750-21=729 390+220=610
560 +230=790 750-210=540 390+200=590
4-тапсырма
А) 12 ашықхатты әр хатқалтаға 2-ден салу керек.Неше хатқалта керек?
Жауабы: 6 хатқалта
Ә) 12 ашықхатты 2 хатқалтаға тең бөліп салу керек.Әр хатқалтада неше ашықхат бар?
Жауабы: 6 ашықхаттан
5- тапсырма. Есепті шығар
«Білгірлер » тобы
А) Дүкенде 500 кг пияз болды. Пияздың біраз бөлігі сатылғаннан кейін, онда 140кг қалды. Неше килограмм пияз сатылды?
«Алғырлар» тобы
Ә) Асханаға 17кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді.Асханаға барлығы неше килогармм көкөніс әкелінді?
«Жүйріктер» тобы
Б) Анасында 200 теңге болды. Ол 100 теңгеге сүт және 45 теңгеге нан сатып алды. Анасында неше теңге қалды?
6-тапсырма. 3 топқа теңдеу беріледі
652-х=14+38 a-130=420+200 700+x=1000-100
IV.Қорытындылау
«Құпия ұяшық» ойыны арқылы қорытындыланады.
V.Үйге тапсырма беру
М: №7 есеп (нұсқау беріледі
VI. Бағалау
М: Әр топ басшылары топтарындағы оқушыларды бағалайды