Киелі жеті саны (4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


сөздік қорларын молайту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту;

б) Тәрбиелік: адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-тегінің тарихына құрметпен қарау керегін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, ұлағатты ұлттық ұғымдар.

Сабақта қолданылатын әдістер: жаңа технологияның әдіс-тәсілдері

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгелдеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру


Үй тапсырмасын тексеру

1. “Талассаң бағаң кетеді”, “Кінәлі аяқтар” мәтіндерін оқу, мазмұнын айту.

2. Бірлік, ұйымшылдық, ынтымақ туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

3. Оқиға мазмұнына орай сурет салу.


Үй тапсырмасын қорыту

  • Балалар, билік айтушы адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?

  • Слайд көрсету;

  • Сонымен осы аталарымыздың асыл қасиеттерін өзімізге өнеге, шешендік асыл сөздерін өсиет етуіміз керек.


Қызығушылықты ояту

  • Қазақтың асыл сөздері, даналық ұғымдары кейбір киелі сандармен де байланысты болған. Сендер қазақтың қандай киелі сандарын білесіңдер. Киелі деген сөзді қалай түсінесің?

  • Осы аталған сандарға мысал келтіре аласың ба?

  • Слайдтар көрсету;

  • Ал жеті санына келетін болсақ, олда қазақтың киелі санына жатады. Жеті санына байланысты мысал келтіріңдер.

  • Слайд көрсету.


Мағынаны тану

  • Бүгін, балалар, киелі жеті санына толығырақ тоқталамыз. Оқулықтағы «Киелі жеті саны» тақырыбымен берілген «Жеті байлық» және «Жеті ата» атты екі өлеңімен танысамыз.


Оқулықпен жұмыс

  1. Мұғалім оқиды

  2. Іштей оқыту

  3. Шумақтап оқыту

  4. Тұтас оқыту

  5. Сөздік жұмысы

  6. Сұрақтар қою (Слайдтан көрсету)


Сергіту сәті

Жеті саны туралы мақалдардың жалғасын табу


Дәптермен жұмыс

1. Өлеңдегі жеті байлықты атап бер, мағынасын аш.

2. Жеті ата кім ? Жеті атаңды жаз.

3. “Байлық“ дегенді қалай түсінесің? Эссе жаз.

(Балалар жұмысын оқыту)


Сабақты қорытындылау

Балалар, бүгінгі сабақтан өзімізге қандай тағылым алдық? Не үйрендік?

  • Осынау жұмыр жерде мекендеген халықтардың қай-қайсысын да ғасырлар бойы сұрыпталып, інжу-маржандай астарлы да асыл, ұлағатты шешендік, даналық сөздері болатындығы анық. Тіл байлығының алтын қоры саналатын осындай ұлағатты, ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс салты мен тіршілігін тайға таңба басқандай дәл де, шебер, мәнді етіп бейнелеуімен де құнды. Осындай ұлағатты сөздер қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең және тыңдаушының көкейіне бірден қона кетеді.

  • Халқымыз «Тәлім сөз – тәрбие құралы» деген. Ендеше, балалар, сендер осындай ғибратты сөздерден тәрбие алып, қазақ елінің ақылды, тәрбиелі азаматтары болып өсулерің керек.


Үй тапсырмасы

1. Даналық сөздерді жаттап келу.

2. “Жеті байлық” тақырыбында шығарма жазу.

3. Киелі сандарға байланысты ұлағатты ұлттық ұғымдар жинастыру.


Оқушыларды бағалау