Мейірімділік - асыл қасиет өзін - өзі тану сабағына жоспар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мейірімділік- асыл қасиет

Мейірімділікті анадан үйрен.

Халық даналығы

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Міндеттері:

-         мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-         өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

-         мейірбандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекі –құралдар: дәптер, жүрекшенің үлгісі, алтын ереже жазылған сөздер, ұпай жинау парақшасы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

«Көңілді амандасу» ойыны. Оқушыларды топқа бөлу. Ашық алақан және жүрек суреттері арқылы. . Топтар ережесін және ұпай жинау тәсілін түсіндіру.

Үй тапсырмасын тексеру

Ұқыпты болудың ережелерін құрастыру.

Мақсатты анықтау

Бүгінгі сабағымыз қандай болмақ? Мейрімділік - асыл қасиет. Топтастыру әдісі бір топ гүл, келесі топ үйді қажетті сөздерді қойып құрастырады.

Әңгімелесу

-         Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-         Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

-         Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

-         Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

     Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

 

Дәйексөздің мағынасын ашу.

«Мейрімділікті анадан үйрен» қалай түсінесіңдер.

  • Неге мейрімділікті анадан деп түсінесіңдер?

  • Және кімнен тағы үйренуге болады? Әкеден .

  • Олай болса «Әке мен бала» бейне материалын сіздерге ұсынамын.

  • Қандай қорытынды жасадыңдар?

Мәтінмен жұмыс

         Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.

         Өйткені балапандарының жылы  жүні  әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден  тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

- Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- мен- деді тұңғышы.

- Мен барайын! - деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.

- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

- Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақ қою

-         Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

-         «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

-         Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

-         Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Балдалардың жауаптарын тыңдаймыз

Сергіту сәті. Видео арқылы беріледі. «Көңілді ән»

         Шығармашылық тапсырма.

Күн шауқтарына өздерін жасаған мейірімділік істерін жазыңдар.

Соңғы тыныштық сәті

Ойын «Мейірімділік жібі»

Сендер бүгінгі сабақтан не түйдіңдер, бір – бірлеріне қандай тілек айтар едіңдер? Мен кез келген балаға жіп лақтырамын , сендер оны басқа балаға лақтырасыңдар. Сөйтіп бізде мейрімділік жібі құрылды. Осы жіптен кесіп алып, тұмарша етіп сақтап қойыңдар. Бар айтылған тілегіміз орындалсын.  

. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Ұнаса күлімдеген, жайбырақат болса, тек сызық, ұнамаса ренішті білдіретін смайликтерді менің телефоныма жібересіңдер.

 

Үй  тапсырмасы

 «Анам – менің жүрегім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.