«Зерде» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
1) Білімділік. Оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін пысықтау.
2)Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыру шапшаң есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік. Оқушыларды білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана- сезімге тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс –тәсілдері: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, интербелсенді тақта, эмблема мен ұрандар, ойындар.
Сабақтың барысы:
- Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!
«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық!
-Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!
Жарысқа 2 топ қатысады. «Білімділер » және «Тапқырлар» тобы.
Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:
1-сайыс «Ширату»
2- сайыс «Теңге алу»
3-сайыс «Кім жылдам»
4- сайыс «Ханталапай»
5- сайыс «Жұмбақ жарыс»
Сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстыру.
Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып алайық:
«Білімділер»
Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен
«Тапқырлар»
Ұраны: Күш білімде, білім кітапта
Жарысымыздың 1-кезеңі «Ширату» сайысымен бастайық.
Сұрақ әр топқа қойылады , сұраққа ия немесе жоқ деп жауап беру керек. 1 ұпаймен бағаланады.
1топқа:
1. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді +
2. К дауысты дыбыс –
3. 16 мен 12нің қосындысы 38-ге тең –
4. Қосудың компоненттері: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні+
5. Табиғаттағы денелер өлі және тірі болып бөлінеді.+
6.Етістіктің 3 түрі бар.-
7.16 желтоқсан-Президент күні.-
8.Өсімдік-тірі ағза.+
9.Кел,балалар,оқылық!»Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.+
10.Абай Құнанбаев Қостанай өңірінде туылған.-(Семей)
2-топқа:
1. Әріптерді көреміз және жазамыз.+
2. і -дауысты, жуан дыбыс.-
3. 58 бен 18-дің айырмасы 40-қа тең.+
4. Азайтудың компоненттері: азайғыш ,азайтқыш, қосындының мәні.-
5. Жыл мезгілдері: Көктем, жаз, күз қыс+
6.Су-еріткіш.+
7.Дауыссыз дыбыстардың 3 түрі бар.+
8.Сиырдың пірі-Шопан ата.-(Зеңгі баба)
9. «Көк кептер»әңгімесіндегі Зияда апайдың баласының аты- Нүсіпбек.-(Аймаған)
10.30+12=52. -
Жарысымыздың 2-кезеңі « Теңге алу» деп аталады.
ТЕҢГЕ АЛУ - қазақ ұлтының ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленеді.
Ендеше мұқият мына тиындарға қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, Яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!
5 теңге .Бауырсақ сөзінде қанша буынбар?(3 буын)
5 теңге.Х+16=30 теңдеуінің шешімін тап(Х=14)
10 теңге.70 пен17 тің айырмасы (53)
10 теңге. Берілген сөзде қандай қате жіберілген? (құрылсшлар-құрылысшылар)
20 теңге .Тұңғыш «Әліппе»оқулығын кім жазған?(Ахмет Байтұрсынұлы)
20 теңге. «Ұшқан ұя»әңгімесі кім жайлы?(Б.Момышұлы)
Сайысымыздың 3-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.
Бұл сайыста мақал – мәтелдердің жалғасын тауып айту керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі .
1. Жақсыдан үйрен...
2. Жері байдың...
3. Әдепті бала...
4. Оқу – білім бұлағы,....
5. Отансыз адам....
6. Еңбектің наны тәтті,...
7. Бір тал кессең,...
8. Әке көрген оқ жонар,...
Сайысымыздың 4-кезеңі « Ханталапай» деп аталады.
-Балалар «Ханталапай» туралы естігендерің бар ма?
Ендеше ханталапайды топ басшылары ойнайды.
Берілген асықтардың ішінен қалағанын таңдап тапсырмасын орындау.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты таңдатып,тапсырмасын орындату . (Топ басшылары асық таңдап тапсырмасын орындайды.)
1.Жеті атаның қазақша атаулары.
Жауабы: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
2.Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары.
Жауабы: тәулік- 24 сағат.
1.Күн шығар алдындағы мезгіл.
2.Күн көкжиектен көтерілген мезгіл.
3.Күннің орта мезгілі.
4.Күн еңкейген мезгіл.
5.Күн ұясына бата бастаған мезгіл.
6.Түн мезгіл.
3.Асықтың түрлері және атаулары.
Жауабы: кеней, кентай, сақа, ешкімер,қойлақ, құлжаз, топай, сомпай,пүш.
4.Төрт түліктің пірлерін ата:
Жауабы: түйенің пірі- Ойсыл қара, жылқының пірі- Қамбар ата, сиырдың пірі- Зеңгі баба, қойдың пірі- Шопан ата, ешкінің пірі- Сексек ата.
Сайысымыздың шешуші 5-кезеңі « Жұмбақ жарыс» деп аталады.
Мұғалім жұмбақ жасырады, ал топ мүшелері жұмбақтың шешуін қағаз бетіне жазады.
1.Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
2.Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Тасбақа)
3.Шырша саясы-күркесі,
Өзі орман еркесі.
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа. (Тиін)
4.Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
5.Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін? (Қырыққабат)
6.Ауызы бар,тілі жоқ,
Терісі бар ,жүні жоқ.
Жүрегі бар ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (Балық)
7.Тақия толған сөк,
Ерте тұрсам жоқ. (Жұлдыз)
8.Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын)
Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
(Әділқазылар шешімін шығарғанша, экраннан «Алдаркөсе» мультфильмін көреді)
Қорытындылау.
Топ мүшелерін марапаттау.