Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау Лейменова М.А. 4сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың технологиялық картасы

Дүниетану Мерзімі 11.01.2016ж Сынып 4

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ өзін-өзі бағалау

сабаққа дайындық

II Білімді актуализациялау / үй тапсырмасын тексерууақыт (5 мин)

Үй тасырмасын

түсінгендерін сұрау

тест арқылы

қорытындылау

Оқушылар түсінгендерін айтады

Тест өз бетінше орындайды.

Ақпараттық құзыреттілік/ ақпаратты іздеу

Фронтальді сұрау


III Проблемалық жағдаят тудыру, мақсат қоюшылық (сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою) – уақыт (3 мин)

Қызығушылығын ояту


Оқушылар жауабын айтады


Оқу-танымдық құзыреттілік /талдай білу, негізгіні белгілеу,


Бағалау/сабақтың тақырыбын анықтай білуін өзін –өзі бағалау

IV Жаңа материалды оқып үйрену/оқу міндетін шешу – уақыт (13 мин)

Тізбектей оқып шығу тапсырылады.

-Тақырыптан түсінбеген сөздерің бар ма?

Жаңа тақырыпты түсіндіру .Түсіндірме мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.

(балалар қолдарына қарындаш алады)


Ақпараттық құзыреттілік

Оқу міндетін қою, оны шешудегі әрекеттерді жоспарлау

V Түсінікті алғашқы тексеру- уақыт (5 мин)

Сұрақтар қойып ,

жауап алу.

Оқушылар жауап береді

Ақпараттық құзыреттілік

Ауызша жұмыс


Сергіту сәті

Оқушылар жұмбақ жасыру.



VI Алғашқы бекіту (жаңа жағдаятта білім мен білікті қолдану) – уақыт (7 мин)

Дәптермен жұмыс жүргізу


Оқу-танымдық құзыреттілік

Практикалық жұмыс

VII Оқу әрекетіне  рефлексия (сабақтың қорытындысы) – уақыт (5 мин)

-Нені үйрендік?

-Не білдік?

Оқушылар жауабы


Әрекетке рефлексия

Бағалау

Оқушылардың өздерін бағалауы.

Коммуникативтік құзыреттілік

Бармақпен бағалау.

VIII  Үй тапсырмасы туралы ақпарат, оны орындауға нұсқау уақыт (1 мин)

Ү/т түсіндіреді

Күнделікке жазады.

Оқу-танымдық құзыреттілік


Дүниетану 11.01.2016ж

Қосымша

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Пай!Пай!Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер!

Тұлпарлар дүбірлеп төкен тер!

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер!

Сарылып сал-сері кеткен жер!

Бас иіп,иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер! – деп  Мұқағали  Мақатаев ақын жырлағандай,

біз де,балалар,тылсым дүниенің тіршілігіне бүгінгі дүниетану сабағында бойлап көрейік.

ІІ Үй жұмысын сұрау

«Су қоймаларының өсімдіктер мен жануарлары» оқушылардан сұрау Топтастыру Су қоймасындағы жануарлар мен өсімдіктер топтастырылады.

Су қоймасы Өсімдіктер Жануарлар ,жәндіктер, балықтар қоға, қамыс, ақ тұңғиық суаршын , құндыз ,сазан, инелік

.Өткенді сабақты қорыту

- Су қоймасының қандай түрлері бар?

- Су өсімдіктерінің құрылық өсімдіктерінен қандай ерекшеліктері болады?

-Су қоймасы өсімдіктерінің ондағы басқа тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?

- Сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қандай кітапқа енгізеді?

Қызыл кітап 1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды.Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарады.Кітап «Қызыл кітап»деп аталады. Ағылшын зерттеушісі Питер Скотт адамдардың қызыл түске назар салып,сәл де болса ойлануы үшін Қызыл кітап деген атауды ұсынды.Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді.

Картамен жұмыс

Жасыл түс ойпаттар, сарғыш түс қыраттар, қоңыр түс таулы жерлер, көгілдір түс өзендер мен көлдер.

- Қандай ірі көлдер мен өзендерді білесіңдер?

Өзен - Ертіс ,Есіл, Тобыл ,Сырдария,Іле,Нұра, Сарысу

Көлдер -Алакөл, Балқаш,Зайсан

Табиғаттың көркін ажарландырып жер бетін саялы баққа айналдырып байлық көзі-су. Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы, табиғаттың бір бөлшегі су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

ІІІ Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Жұпартышқан ұзындығы 22 см, салмағы 500гр-дай.Жәндікпен қоректенетін аң.Ұзын құйрығы қабыршақпен қапталған, екі бүйірі жалпайған, денесі тығыз керемет терімен қапталған, онда әрқашан су астында ауа көпіршіктері болады. Басы сүйірленіп тұмсыққа айналады.Өзі қазған ормен жүзіп ,бүкіл өмірін суда немесе шығу тесігі су астында болатын інінде өткізеді.

Құндыз-ірі кеміргіш ұзындығы 110 см,құйрығы 30см,салмағы 20-30кг суаттартарда тіршілік етеді.Денесі жүзуге жақсы бейімделген артқы аяқтарының саусақтарыкүшті және тырнақтары үлкен бұтақтарды ұстап, жер қазуға ыңғайлы, жалпақ үлкен құйрығы ескекті еске түсіреді

Қара күзен сусарлар тұқымдасының байырғы өкілі.Ұсақ жыртқыш аң, ұзындығы 43 см құйрығы12-19см, салмағы 800г.Денесі тығыз жалтыраған жүнмен жабылған терісі өте жоғары бағаланады.Қазақстанда Еділ Жайық Елек атырауында қоныстанған.




Ұсақ жануарлармен кейде өлекселермен де қоректенеді.хх ғасырдың ортасында осы жерлерге

Америка су күзені жерсіндірілді.Қазір Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді.

Бұйра бірқазандар еліміздің су қоймаларында тіршілік етеді.Бұл ірі ақшыл құс салмағы 13кг ерекше үлкен ұзындығы45см тұмсығы бар.Оның төменгі жағы өте қатты созылатынтері қапшықтан тұрады.Екінші түрі қызғылт бірқазан ,қауырсыны қызғылт түс болады.Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Аққұтан түсі ақ түсті құс.Ұзын мойны мен биік аяғының арқасында әдемі көрінеді.Қазақстаг Республикасының оңтүстігінде қоныстанған .

Арал теңізі Қазақстанның Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде орналасқан.Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені-Әмудария мен Сырдария құяды.Бірақ 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен суының көлемі жоққа тән болғандықтан булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейдіСондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді.1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмен түсіп кетті.Қазірде теңіз екі бөлікке бөлініп қалған.

Арал албырты-Аралдың таралу аймағының ең шығысында кездесетін түрі қазір құрып бара жатыр.Бұл балық уылдырық шашарда ғана Әмударияға шығады.Ал оның негізі тіршілік мекені- Арал теңізі.

Сергіту сәті:

Жұмбақтар жасыру

Аяқсыз -ақ жорғалайды, жүреді Аузы да жоқ, сыңғырлайды, күледі Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ Айтыңдаршы осыны кім біледі /Су/

Шуға бөлеп жағаны Қанаттарын қағады Айдың судың түлегі Шабақ іліп жүреді / Шағала/

- Қазақстан Республикасында неше қорық бар?

Он қорық бар Алматы қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл қорығы, Марқакөл қорығы, Батыс –Алтай қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Барсакелмес қорығы ,Ақсу-Жабағалы қорығы, Қаратау қорығы.

Сұрақ- жауап:

1. Су қоймасын неліктен табиғи бірлестік дейді?

2. Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?

Жаңа сабақты қорыту

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға «Су- тіршілік көзі» эссе жазу

Үйге тапсырма: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау туралы реферат жазу

Бағалау.