Сабақтың тақырыбы: сөйлеу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыру;
2. сауатты, көркем жазуға төселдіру, оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін, шығармашылығын дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Әдептілікке, татулыққа, бірін бірі сыйлауға, ережені сақтауға, қазақ тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке, топтық, сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сабаққа қажетті жазулар, кестелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Осы сабақта сен қандай оқушы боласың?
Сабағымызды бастамас бұрын, бүгінгі сабағымыздағы жұмыс жасау ережесін құрып алайық.
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға сөзжұмбақты шешу арқылы саяхатқа шығатынымыз туралы айту
«Сөйлеу» тақырыбына сөзжұмбақ шешу.
(А3 форматында. Тақтаға жапсырып қою)
Оқушыларға сөзжұмбақтан адамдар бір бірімен қарым қатынас жасауда қолданатын нәрсенің атауын тауып, сол сөзге сөйлем құрату.
Сұрақтар қою:
Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Оқушылардың ойын жинақтап, сызбаға түсіру
Мағынаны тану
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Партада отыруларын қадағалау.
Міндеті: оқушылардың сауатты, әдемі жазуларын қадағалау.
1-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
Сұрақтар:
Мәтінде кім жайлы айтылған?
Апасы не себепті Үсенге үндемеді?
Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?
Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма?
Сөздік жұмысы:
Лезде – тез арада, жылдам
Оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар:
Топтық жұмыс. Оқушылар сюжетті суреттерге қарап, әңгіме құрастырады.
Өздік диктанты. Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу:
Армен мен Досжан (телефон) ұзақ сөйлесті.
Әжесі немересіне (арыстан мен түлкі) ертегі айтып берді.
Ойтолғаныс
Логикалық тапсырма
«Раундробин» стратегиясы. Берілген әріптен бірнеше бір тұлғадағы сөздер құрау.
Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою
Бағалау.
Үйге тапсырма: мазмұндау
Рефлексия: Синквейн «оқушылар»