Салауаттану 4 сынып
Сабақ -1 - ші Күні
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: денсаулық жайлы оқушылардың түсініктерін молайту, күту жолдарына тоқталып өту.
Дамытушылық: тіл байлықтарын дамыту, қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік мәні: денсаулық қадірін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері; сұрақ-жауап,түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекіліктер және ТҚЖ: суреттер.
Қолданылатын технологиялар:
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
а)Психологиялық дайындық.
II. Өткенді пысықтау.
III. Жаңа сабақ
IY. Қорытынды
Y. Бағалау
YI. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Өткенді пысықтау
3-ші сыныпта өткен тақырыптарға шолу жүргізу(сұрақтар қою)
а)Өткен сыныпта қандай тақырыптармен таныстық?
ә)Адам дене мүшелеріне тоқталу.
III. Жаңа сабақ.
а) Денсаулық – дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеу.
ә) Денсаулықтың негізгі бөліктеріне тоқталу.
б) Денсаулық белгілеріне тоқталу.
в) Денсаулық төлқұжты туралы түсінік беру.
Сергіту сәті:Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш болып,
Ұшып-қонып алайық
Оқулықпен жұмыс
а) мәтінді мәнерлеп оқыту
ә)Сөздік жұмысы:
валео –
логос –
гигиена –
эмоция –
б) оқулықта берілген Денсаулық төлқұжатты толтыру.
Қосымша тапсырма
а)Дәптерлеріне : « Денсаулық – зор байлық » атты тақырыпқа эссе жазу.
IY. Қорытынды: (сұрақ қою арқылы пысықтап өту)
1. Денің сау болу үшін не істеу керек?
2. Терапевт деген кім ?
V. Бағалау: Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 98, 99 бет мазмұндау, эссені аяқтау.