| БҚО. Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп. Надирова К.А | Пәні:дүниетану 2-сынып |
Сабақтың тақырыбы | Жарық - жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай |
Мақсаты | Жануарлар тіршілігіне жарықың қажет екенін түсінуге баулу. Оқушыларға жануарлардың мекендейтін жерлері мен олардың тыныс алу тәсілдерін меңгерту. Қоршаған орта табиғатты, жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар жайлы айта отырып, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар ойын жүйелі жинақтап сөйлеу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, тақырыптың мазмұнын аша алады. Оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасау дағдылары қалыптасып, күндіз бен түнде тіршілік ететін жануарлар туралы білім қалыптасады. Жануарлар тіршілігіндегі жарықтың маңызды екенін оқушы түсінеді. |
Әдісі-түрі | сұрақ-жауап, талдау, іздену |
Негізгі идея, көрнекілік. | Жануар тіршілігін зерделеуде білім, білік, дағдысын қалыптастыру, тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту |
Сабақтың кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру | Психологиялық дайындық. Сабаққа әзірлік Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық. Оқушыларды мозайка әдісі арқылы 3-топта бөлініп, отырғызу. | Әрбір адам – Туысым, достым Әрбір сабақ – Үйрену, ұғу Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады жақсы бағалануға ұмтылады. Топ ережесін естеріне түсіру |
Үй тапсырмасын тексеру | «Сұрақты ұстап ал» 1. Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды ата Жануарлардың тіршілік ету ортасы Ауасыз жануарлар тіршілік ете ала ма? Дәлелде. Топырақтағы ағзалар немен тыныстайды? | «Жануарларға да ауа керек» мәтінін 5-6 оқушыдан түсінгендерін сұрап, қосымша сұрақтарға жауап беріп өз жауаптарын еркін айтады. |
Тұсаукесер | Жарық – тіршілік көзі Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды атайық |
|
Жаңа сабақ
| Жарық – күн сәулесі, жұлдыздар жарығы. Ай сәулесі. Жарық – жануар тіршілігін сақтайтын, қорғайтын құбылыс. Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Көп аңдар жемін күндіз де, түнде де аулайды. Жапалақтың бақырайып тұратын үлкен көзі қараңғы түндегі әлсіз жарықтың өзін де жақсы көреді. Ол түнде шөп арасында жүгіріп жүрген кішкентай тышқандарды еркін көріп, аулайды. Мәтінді оқушыларға іштей оқыту, диалог құру -Жапалақ жемін түнде қалай аулайды екен? -Соқыртышқандар тіршілігі туралы не айтар едіңдер? -Жануарлар айналадағы дүниені көріп-бағдарлауға, қауіп-қатерден сақтануға қандай мүшелері көмектеседі? Суретпен жұмыс. «Серпілген сауал» Қандай жануарлар күн көзінің жарығынсыз өмір сүруге бейімделген? Егер жануарлар қысқы азығын дайындамаса, олардың жағдайы не болар еді? Ойын «Бас бармақ» әдісі арқылы тексеру |
Мысалы:жапалақ жемін түнде ғана аулайды.
Жарықтың жануарлар тіршілігі үшін маңызы туралы оқиды
Берілген сұрақтар бойынша жауап тауып, кестені толтыру. Қандай ортада тіршілік етсе де, кез – келген жануарға жарық өте қажет. |
Ой толғаныс | 1-топқа:Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар 2-топқа:Жануарларға жарық қажет екенін дәлелде 3-топқа: Жарық қажет етпейтін не? | Тапсырмалар туралы өз ойларын дәлелдейді. |
Сергіту сәті. | Әуенмен билейді, көңілдерін көтереді. |
Қорытынды | Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды ата Жануарлардың тіршілік ету ортасы | Рефлексия. Өз ойларын тақтаға жазады. |
Бағалау. Үйге тапсырма | Мәтінді түсініп оқып келу | Қосымша оқу |