|
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу, жазу және салыстыру
Автор публикации: Джаменова В.Ш.
Дата публикации: 2016-10-17
Краткое описание: ...
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім | Сабақтың атауы | Екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу, жазу және салыстыру | Мақсаты | 1) Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту; 2) бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, кестелік қосу мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайтуды қайталау; 3) іскерлікке баулу Көрнекілік: интертақта слайдтары, әр түсті жолақшалар, сызбалар, кесте, цифрлар. Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын. Түрі: аралас сабақ. | Күтілетін нәтиже | Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту | - Балалар, математика пәнінде оқушылар не істейді? Жауаптары: санайды, қосады, азайтады, өлшейді. - Дұрыс, ал адамдар нені санайды? Нені өлшейді? Нені қосады? Нені азайтады? Жауаптары: ақшаны, заттарды, дүкендегі заттарды, айлар мен жылдарды, т. б. - Барлық мамандардың иелеріне санау, есептеу керек пе? - ендеше біз де бүгін тез, дұрыс, шапшаң санауды бастайық. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | Мағынаны тану | - Суретте неше жолақша бар? - Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған? - Он шаршыдан он рет алсақ, барлығы қанша болды? (100) - Дұрыс, бұл бір жүздікті білдіреді - Жүз саны былай жазылады: 100 - Жасыл жолақша нешеу? (1 ондық) - Суретте неше көк шаршы бар? ( 4) - Барлығы неше шаршы бар? (14) Былай жазылады. (тақтада көрсету) Бұл - екі таңбалы сан. - Жасыл жолақша нешеу? (1 ондық) - Көк шаршылар нешеу? (6) - Барлығы неше шаршы бар? (16 ) Бұл былай жазылады ( тақтада көрсету) Бұл да екі таңбалы сан. Дәптермен жұмыс жүргізу
| Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады | Ой толғаныс | Шығармашылық тапсырма: 1 - тапсырма: 2 доңғалақты - 3 3 доңғалақты - 1 Ш: 2+2+2+3 =9 2 - тапсырма: Шаршының 4 бұрышы бар. Бір бұрышын қиып тастасаң, қанша бұрыш қалады? | Үйге тапсырма | Дәптермен жұмыс | Күнделіктеріне жазып беремін | Бағалау | [link]
| Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|