Открытый урок на тему: Н әрпі мен дыбысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы

Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут
























5 минут


-Амандасу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.


Қызығушылықтарын ояту

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық

-Шаттық шеңберіне оқушыларды тұрғызып,

-Балалар-гүлім менің,

-Балалар –күйім менің,

Балалар нұр сыйлайтын,

Бүгінгі күнім менің,-дей отырып, балалар, сендерді өзіме қуат алатын щуақты күнге теңеймін!

Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.

Оқушылар:Кеудемдегі күн күлсін,

Бізге шуақ, нұр құйсын!

Мейірімді жан, өзіңмен,

Көңіліміз жайнап құлпырсын!

-Олай болса, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

-Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін!


Топқа бөлу

-Оқушыларға көздерін жұмғызып ыдыстан конфеттер алғызамын, сол конфеттердін түстеріне қарай топқа бөліп отырғызамын.

Өтен сабақты еске түсіру.

-Оқушылардан өткен сабақты допты бір-біріне лақтырып, сұрақ-жауап арқылы сұраймын.

Сұрақтар

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

Олар нешеге бөлінеді, қандай?

Қандай әріппен таныстық, ол қандай дыбыс?

Дауысты дыбыстарды қалай ажыратасын, оны қандай текшемен белгілейміз.

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, қандай?

Алма сөзін буынға бөліп бер

Әріп дегеніміз не?

Әріпті көреміз, жазамыз.

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбысты естиміз айтамыз

-Өте жақсы




Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

8 минут



1 Тыңдалым.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға Негеш деген бала қонаққа келіпті, ол жәй келмей қолында қобдишасы бар екен, қобдишада не бар екенін білгілерін келе ме?

-Олай болса мен жұмбақ жасырамын, жұмбақты шешкілерін келеді ме?

Үсті тас,

Асты тас, ортасында піскен ас,- бұл не?

НАН

Екі баған ортасында таған,
Ұқсайды  оған  қай әріп?    (Н әрпі)

 -Ендеше балалар, бүгінгі өтетін әрпіміз Н әрпі.

Н-әріпі бар сөздер білесіздерме?

-Қане кім айтады?

Сыныптағы Н әрпінен басталатын есімдер: Нұрділдә, Нұрдәулет, Нұржігіт.

Сұраймын, мадақтаймын.

-Түсіндіру.

Балалар Н әрпі дауыссыз үнді дыбыс, оны көк түспен белгілейміз, Н әрпі сөздің басындада, ортасында да, аяғында да келе береді. Мысалы Нар-Сөздің басында, айна-сөздің аяғында келеді, нан сөзінде сөздің басында да аяғындада келіп тұр.

Н-әрпінін баспа және жазу түрін көрсетемін.

Кітаппен жұмыс:Оқушыларға оқып беремін, талдатамын,сұраққа жауап аламын.

МОДЕЛДЕУ

4-топқа

1-т. Үрме бұршақ арқылы

2-т. Ермексаз арқылы

3-т. Шеге, резинка арқылы

4-т. Спагетти арқылы модельдейді




Таныстырылым, оқулықпен жұмыс















Суреттер, текшелер





Үрме бұршақ, ермексаз, спагетти, резенке шегелер.

Сергіту сәті

1 минут

7 минут

Аяқпенен топ-топ



Дәптермен жұмыс.

Балалар, дәптерлерімізді ашамыз Н-әрпін әдемі,тәртіпке сай жазамыз, тағы жазу үлгісін көрсетіп өтемін.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

3 минут

 «Кім тапқыр» ойынын ойнаймыз, 4-топқада бірдей суреттер беремін, 2-топ Н дыбысы кездесетін суреттерді салады, 2-топ Н дыбысы кездеспейтін суреттерді салады.        


Түрлі тапсырмалар

Аяқталуы


13 минут




Әріптерден буын құрау.

На, а на, нан.

Сурет бойынша әңгіме құрату.

4-топқа төрт түрлі суреттер беремін.






Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

3минут


Рефлексия

[pic]


Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.