|
Сабақ Үкілер (2 сынып)
Автор публикации: Жунусова Б.Ж.
Дата публикации: 2016-05-09
Краткое описание: ...
Әдебиеттік оқу | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: | Сабақтың атауы | Үкілер. | Сілтеме | Әдебиет оқулығының әдістемесі | Сабақтың жабдығы | Көрнекіліктері: слайд, құстар энциклопедиясы, үкі қауырсынының түрлері, қазақтың ұлттық бас киімдері, домбыра, бесік т. б. | Жалпы мақсаттар | Құстарға деген қамқорлықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Күтілетін нәтиже А. Үкі туралы мәтінді оқып, түсінеді. | Оқыту нәтижесі | Топқа бөлу | Оқушылар гүл, ағаштар, қоян, жеміс суреттерімен топқа бөліну. топ: ағаштар топ: гүлдер топ: қоян
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ынтымақтастық атмосферасы | Психологиялық дайындық. Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін. Екі құлағың не үшін керек? Ақыл кеңес тыңдау үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін. Екі аяғың не үшін керек? Туған жерде жүру үшін!- |
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
| Үй тапсырмасын сұрау
| Қайталау тест тапсырмалары. | Қызығушылықты ояту | Топтастыру «Үкі» | Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу | Мұғалімнің түсіндірмесі ҮКІ — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2 - 12 - ге дейін жұмыртқа басады. Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді. Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Еуразияда, сондай - ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, қауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген. | Сергіту сәті | Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр. Жаттығу жасаймын. Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ Жаттығу оңай-ақ. |
Оқушылар денелерін жатықтырады | Ой толғаныс
| 1) Қызығып әр адам, Ұстап ап даладан. Жүнімді жұлып ап, Бесікке қадаған. Бұл қандай құс? Жауабы: Үкі 2) Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ. Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшат. Жауабы: Үкі 3) Шұнтиып қос құлағы, Түнде көрер қырағы. Жауабы: Үкі 4) Күндiз сөнген шырағы, Түнде көрер қырағы. Тiкiрейiп айдары, Егiн жауын қырады. Жауабы: Үкі | Үй тапсырмасы | Мазмұндау | Күнделіктеріне жазады | Бағалау |
|
|