|
Ашық сабақ Кел балалар оқылық
Автор публикации: Карамырзаева К.С.
Дата публикации: 2016-04-21
Краткое описание: ...
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім | Сабақтың атауы | Заттың қимылын білдіретін сөздер Кел, балалар, оқылық! | Мақсаты Күтілетін нәтиже | 1. Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау 2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру, оқушылардың сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушының танымдық қабілетін дамыту. 3. Білімсүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ереже. Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, талдау, жинақтау. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. | Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | Қызығушылықты ояту | Өзектілігі: оқушының өткен тақырып пен жаңа білімді ұштастыруы, үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру Оқушылар тақтадағы суреттердің не екенін тауып, кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастырып жазады. Ереже: Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. - Балалар, бізге сонау ертегі әлемінен Алдар Көседен хат келіпті. Алдар Көсенің кім екенін білесіңдер ғой! - Қане, хатты ашып оқиық, мұқият болыңдар. « Сәлеметсіңдер ме, 1 - сынып оқушылары. Сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Мен үлкен қиыншылыққа жолықтым. Бар үмітім сендерде. Көмектесулеріңді өтінемін, сендерді ең жақсы сынып деп ертегілер әлемінде мақтап жүр ғой. Жағдайымды баяндайын. Мен Шығайбай деген баймен бәсекелескен едім. Ол маған бір параққа жазылған хаттан жылқының, тазы иттің атын тапсам, жіберген қатені тауып, түзетсем, сол жылқы мен итті маған сыйлайтындығы жайында айтқан еді. Сол бір қатені таба алмай басым қатты, балалар, маған көмектесіңдерші!» Менің ақтөс деген итім және құлагер деген атым бар. Олар өте тату дос. Менің айтқанымды бұлжытпай орындайды. Ереже: Үй хайуанаттары мен жануарларының аттары бас әріптен басталып жазылады. Ақтөс, Құлагер. | Мағынаны тану | Жаңа сабақ: 246 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар: - Өлең туралы? - Өлеңнің авторы туралы не білесің? - Оқу не үшін қажет? Ыбырай Алтынсарин – Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақ хрестоматиясын жазған жазушы, ағартушы, педагог. Сөздік жұмыс: Ықылас – ынта, көңіл. Сиса – мата түрі. Ықыласпен тоқу – көңілге түю. Дәптермен жұмыс: 247 жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Өзіндік жұмыс. Жол жолға жалғасады, Ел елге жалғасады. Қимылды білдіретін сөздердің астын сыз. Ертеде «Балалар әлемі» деген үлкен шахар болыпты. Ол шахарда үлкенді - кішілі балалар өмір сүріпті. Олар әрбір жыл мезгілінде гүл отырғызды, көбелек ұстады, сары жапырақ жинады, аққала соқты. Осындай жаймашуақ күнде аю қонжығын ертіп, осы үлкен балалар әлеміне келеді. Келсе балалар ойынның қызығына берілген екен. Аю да қонжығымен бірге ойнады, секірді, мәз - мейрам болды. Кеш батып, барлығы тарады. - Балалар осы ертегіден заттың қимылын білдіретін сөздерді табайық. Қазір заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік. | Сергіту сәті | Қиғылықты қыңыр қылды, Құрықты қиды, қырықты. Құрықты қырқып құртты. *** Қайратжан қой бағады, Қойы егізден табады. *** Оңға қарай, Оқысаң да – бір халық. Солға қарай Оқысаң да – бір халық. Бір буыным – құс, Бір буыным – түс. (Қазақ, Қаз, Ақ) | Ой толғаныс | Орыннан-орынға ауысқан, Ұшқалақ қарала… (Сауысқан)
Есек құлақ, Ол не? (Құрақ) | Үйге тапсырма | Кел, балалар, оқылық! өлеңін жаттау.249-тапсырма | Күнделіктеріне жазып беремін | Бағалау | [link]
| Бағалау парақшасын толтырады. | Кері байланыс | [pic] | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|