Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Ертеңгіліктің барысы:
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
1-бастауыш.
Қайырлы күн, уа, халайық!
2-бастауыш.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1-бастауыш.
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
2-бастауыш.
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
1-оқушы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен-
Биік тау, орман тоғай, көлімізді.
2-оқушы.
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл, жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
3-оқушы.
Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғаны.
Бақыттың, шаттықтың мекені
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды
4-оқушы.
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
5-оқушы.
Отан – тарих, Отан –тіл,
Жасаған халқың, өз – елің.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген елге ел даңқын
6-оқушы.
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін – білу парыз
Күзетінде тұру парыз
Қасиетін ұғу парыз
7-оқушы.
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» - деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
8-оқушы.
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім
Құрбаның болам жолыңда сенің
Құлпырып жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім, Қазақстан Республикам менің (хормен)
ӘН:
1-бастауыш.
Біздің білім алатын ордамыз
Хормен: МЕКТЕП
9-оқушы.
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
10-оқушы.
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
11-оқушы.
Мектебім, жылы ұя бесігім,
Күнде ашық мен үшін есігің.
Білімнің шуағын мол сепкен,
Ұстазым, қымбат қой есімің.
12-оқушы.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Хормен:
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: «Мектебім»
2-бастауыш.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар,
Ол -сүйікті Әліппе.
1-бастауыш.
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !
13-оқушы.
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
14-оқушы.
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
15-оқушы.
Іші толы әріпке
Мынау әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе.
16-оқушы.
Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.
17-оқушы.
Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке
18-оқушы.
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
19-оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
1-бастауыш.
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.
-Қарсы алайық, танысайық
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі мен болам.
Бүгін ниет қосқан күн,
Аянбаймын сырымды.
Баяндаймын ғылымды,
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.
2-бастауыш.
Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Хормен: Бізге білім салып берген,
Қош бол, құтты Әліппем!
Хор: «Әліппе»
2-бастауыш.
Таңдандырар бар елді
Би билеп, ән салайық
Бәріңізге арналған
Концертті біз бастайық
Концерттік бағдарлама.
«Ертегілер» әні орындайтын Назерке
Би «Вальс»
Таэквондо көрініс. Рустам
Би «Малинки»
Хор ән «ӘЛІППЕ»
1-бастауыш.
Жетелеген талабымды танаған
«Әліппемді» әлі талай сағынам
Баян апай тілек айтсын біздерге
Үлкен-кіші басшылығын таныған
Сөз мектеп директоры Шынарбекова Баян Шынарбекқызына беріледі.