Ой қозғау Бақыт іздеп Аспан астын, жер үстін шиырлаған, Бақыт жүр біреулерге бұйырмаған. Білемін, бақыт табу қиын маған, Несіне бақыт іздеп құйын болам! Ырыстың дастарқаны жиылмаған, Бірақ, ол біреулерге бұйырмаған. Білемін, бақыт табу қиын маған, Әткенмен, бақыттан да қиын бағам!!! Өлең не туралы? Неге бақыт ешкімге бұйырмай тұр? Жалпы, бақыт дегенді қалай түсінесің? Бақытты адам қандай адам? Бақытқа қалай қол жеткізуге болады? (Оқушылардың жауабы). Топтастыру: Оқушылар «бақыт» дегенді қалай түсінетіндігін флепчартқа түсіреді. Әр топтан оқушылар шығып қорғайды. Халқымыздың мақалы: «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер»-деген |