Мұнайлы ауданы
№3 жалпы білім беру орта мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Ана-өмір шуағы»
Дайындық « А » сыныбы
[pic]
Баянды селосы-2016 жыл
Тақырыбы: Ана –өмір шуағы
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: аналар туралы қанатты сөздер, шарлар, шиырмалар, аналар фотосуреттері. т.б..
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бұл сабақ 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр.
Адам үшін ең аяулы, ең қадірлі жан-Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.
Құрметті аналар және ұстаз аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
1-оқушы: 1910 жыл 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.
Хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!
(Сыныпқа көктем мезгілі кіреді.)
- Сәлеметсіздер ме? Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын, әр жанұяға шаттық тілеймін!
Көктемде құстар сайрайды,
Жерде гүлдер жайнайды.
Алақайлап балалар,
Мәз болысып ойнайды.
(әр оқушының аналарға арнаған тақпақтары)
1-оқушы. Ана-біздің күніміз,
Ананың-біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
2-оқушы: Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
3-оқушы: Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, апатай,
Құтты болсын мерекең.
4-оқушы: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайым, құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
5-оқуы: Сіздерден өсер балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
6-оқушы: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн болып жанасың.
Құтты болсың мейрамың,
Құттықтаймыз ұстазым!
7-оқушы: Өнерлі боп өсеміз,
Өмір сырын шешеміз.
Өсіріп ой-сананы.
Қуантамыз ананы.
8-оқушы: Үлкейдім ғой мен енді,
Жудым бүгін еденді.
Аналарға арналған,
Жаттап алдым өлеңді.
Хор: “АҚ МАМАМ”
9-оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
10-оқушы: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екіетпей
Ақ сүтіңді өтермін.
11-оқушы: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
12-оқушы: Анаға жан жетпейді,
Еңбегі естен кетпейді.
Балаға да анасыз
Тамағынан ас өтпейді.
13-оқушы: Анам менің, ақ мамам,
Балапанын мақтаған.
Анам барда әр дайым
Қуанамын, шаттанам.
14-оқушы: Анашым, жан анам,
Балдан тәтті бал анам.
Үйге келсең сақтанам,
Құшақ жая қарсы алам.
15-оқушы: Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, анашым, ертен-ақ
Отың болып жанам гой.
16-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
17-оқушы: Аналар шаңырақтың сәулетті ғой,
Ана денен баршаның дәулеті ғой!
Адамды адам еткен ақ сүт беріп,
Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.
18-оқушы: Ана деген кім десе,
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен,
Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.
Жүргізуші: Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерің қуаныштан кім аяған,
Жаңа биді сіздергешашу етем.
(Би биленеді)
Көрініс: Дүниеде не қымбат?
Хор: “Айналайын ақ мамам”
Хор: Ана-ұстаз, ана-дәрігер.
Ана-ғылым, ана-ақын.
Ана-өнер қайраткері.
Ана-жазушы.
Ана-қоғам қайраткері.
Жалпы би:
Қорытынды.
Жүргізуші: “Аналар баланы бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады” деген сөз бар.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,-дей отырып бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Енді оқушылардың қоштасуы: Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз данамыз.
Қонақтарға қол бұлғап,
Сау болсын айтамыз!