Тақырыбы: «Топ жарған – 2015»
Мақсаты: Балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді,
жан – жақты болуға үйрету.
Түрі : Сайыс
Көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаздар, үйшік, сөздер жазылған плакаттар.
Қатысушылар: 1«А» сынып оқушылары- Амина, Аяулым, Дархан, Аяна, Темірлан, Камила
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, бүгінгі біздің сайысымызға ғылымның сырларын ұғынып, білім шыңына шығамын деп, ұқыптылық пен зеректікті бойына серік еткен 6 оқушыға қадамдарың оң болсын деп сайыс жолында тек сәт сапар тілеймін!
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Серігің болсын бойыңда
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар, сайыс жолында !
Сайысымыздың сарапшыларымен таныстырып өтейін.
Мектеп меңгерушісі-Батырханова Бағила апай
Мектеп психологы -Жексембаева Роза апай
Олай болса , сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс кезеңдері :
«Кім жылдам?»
« Адасқан сөздерді табу»
«Ізден, тап!!!»
«Талантыңмен таныл»
«Ұшқыр ой»
І кезең: «Кім жылдам?»
Шарты: Қатысушыларға 10 сұрақ қоямын . Тез, жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Қолын бірінші болып көтерген бала жауап береді.
Сұрақтар:
1. Төрт түлікті ата. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі.
2.Күйді орындайтын адам? Күйші
3. Неше жыл мезгілі бар? 4; Күз, қыс, көктем, жаз
4. Зеңгібаба қай малдың пірі? Сиыр
5. 16- желтоқсан қандай күн? Қ.Р. Тәуелсіздік күні
6. Әліппенің атасы кім? А. Байтұрсынов
7. Қазақ тілінде неше әріп бар? 42 әріп
8. Тірі табиғатқа нелер жатады? Адам, өсімдік, жануар
9. 20+5 қосындысы нешеге тең? 25
10. «Бір» сөзін орыс, ағылшынша қалай айтады? Один, one
Мұғалім: «Кім жылдам?» кезеңі бойынша төмен баға алған бір оқушы ойыннан шығады. Ол үшін сарапшыларға сөз берейік.
ІІ кезең: « Адасқан сөздерді табу»
Мақсаты : Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады .
Нұсқау : Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек . Жұмыс уақыты -2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны қатеге байланысты бағаланады .
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптер
Рахмет .Сендер жылдамдықтарыңды көрсете білдіңдер және сөздерді
таба білдіңдер.
Мұғалім: « Адасқан сөздерді табу» кезеңі бойынша төмен баға алған бір оқушы ойыннан шығады. Ол үшін сарапшыларға сөз берейік.
ІІІ кезең: «Ізден, тап!!!»
Мақсаты: Балаларды дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыраты білуге үйрету.
Шарты: Шашылған әріптерді дауысты, дауыссыз дыбыстардың үйіне бөліп салу.
[pic] [pic] [pic] [pic]
Дауысты дыбыс
Дауыссыз дыбыс
Мұғалім: «Ізден, тап!!!» кезеңі бойынша шатасқан, аз дыбыс жинаған бір оқушы ойыннан шығады. Ол үшін сарапшыларға сөз берейік.
ІV кезең: «Тапқырлық»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін бақылау, сөздік қоры мен сауаттылығын көру. Қатысушы оқушы әріпті өзі таңдап алады.
Шарты: Ойынды жалғастыратын 3 оқушыға тапсырма беріледі. Кім көп сөз жазады?
«Т» әрпінен басталатын сөздер жазу.
«Қ» әрпінен басталатын сөздер жазу.
«А» әрпінен басталатын сөздер жазу.
Мұғалім: «Тапқырлық» кезеңі бойынша аз сөз жазған бала анықталып, ойыннан шығарылады. Ол үшін сарапшыларға сөз берейік.
V кезең: «Ұшқыр ой»
Нұсқау : Әр оқушыға 10 сұрақ беріледі. Оқушы «ия» немесе «жоқ» жауабын жылдам, әрі дұрыс беру керек. Жарысқа түсетін 2 оқушы өз білімдерін ортаға салады. Дұрыс жауап берген оқушы жарыс жеңімпазы атанады. Олай болса, іске сәт!
1-оқушыға:
А дыбысы дауыссыз дыбыс - жоқ
Дыбыс екіге бөлінеді? –и я
Қазақ тілінде 42 әріп бар? -ия
Күн сөзі бір буынды сөз –ия
Жер-су аттары бас әріппен басталып жазылады – ия
Сөйлем бас әріппен басталып жазылады – ия
10-3=6 -жоқ
І дыбысы жуан дауысты дыбыс- жоқ
10 саны 0-ден кіші- жоқ
Бұғы- үй жануары- жоқ
2-оқушыға:
Біз қазақ тілінде сөйлейміз –ия
Қазақ тілінде 42 дыбыс бар –жоқ
О дыбысы жуан дауысты дыбыс – ия
Кісі аттары бас әріптен басталып жазылады.- ия
Ата сөзінде үш дыбыс бар – ия
5+4=9- ия
Қой атасы- Шопаната-ия
Бота-үй жануары-ия
Аптада 6 күн бар-жоқ
Сөйлемнің соңынан үтір қойылады- жоқ
Қорытынды :
Мұғалім: Міне балалар 5 кезеңнен тұратын сайысымыз аяқталды. Интеллектуалдық ойынға қатысып, өз білімін ортаға салған ойыншыларымызға рахмет айта отырып, сарапшыларға сөз берейік.
Жеңімпаз анықталып, «Топ жарған – 2015» төсбелгісі тағылып, мақтау қағазымен марапатталады.
Мұғалім: Кездескенше күн нұрлы болсын! Озық, ойлы шәкірттеріміз көбейе берсін!
ІІ-топ:
Ауаның негізгі қасиеті ? Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз
Қоян сөзіне дыбыстық талдау жаса
Биыл қандай жыл? Жылқы
Абайдың шын аты. Ибрахим
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? Тұсбағдар
30+25 қосындысы нешеге тең? 55
Сау болыңыз орысша, ағылшынша қалай айтамыз ? Досведания
Бір жылда қанша күн бар? 365-366 күн
Жуан дауысты дыбыстарды ата а,о,ы,ұ
Тұңғыш президент күні. 1 желтоқсан
ІІІ-топ
Атақты суретші? Әбілхан Қастеев
Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлемнің соңында нүкте қойылады.
Кітап сөзін орыс, ағылшын тілінде қалай айтамыз? Книга,
85-60 айырмасы қаншаға тең? 25
Өлі табиғатқа нелер жатады? Құм, тас, су, ауа, т.б
Мәтін дегеніміз не, түрлерін ата?
1 сағатта неше минут бар? 60
Сұлба дегеніміз не? Бір заттың үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.
Ұзындық өлшем бірліктерін ата? Мм,см,дм, м, км
КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗЙЫМЫ
Сұрақтар қою :
Мектептің мекен-жайы?
Балаңыз қай блокта оқиды?
Балаңызға орыс тілі пәнінен беретін мұғалім кім?
Асханадағы гамбургер бағасы?
Сәрсенбі күннің сабақ кестесі?
Балаңыздың сыныптастарыңыздың жасы нешеде ?
5-ші сабақ нешеде аяқталады ?
Мектебіміз неше қабаттан тұрады?
№ 249 мектеп-лицей неше жаста?
Дүйсенбі күннің сабағы?
А [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] мина, Аяулым, Дархан, Аяна, Темірлан, Камила