Ұлыстың ұлы күні - Наурыз 1 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: Ұлыстың ұлы күні –Наурыз Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту. 2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту 3. Оқушыларды ұлт�...


Ұлыстың ұлы күні –Наурыз

Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

 2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Буклет,кестелер,шарлар,қанатты сөздер.Үнтаспа.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру:

1- жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

 Кел,балалар ойнайық,

                               Наурыз тойын тойлайық..

                               Баянды боп мереке,

                               Қыр гүліндей жайнайық..

(осы өлең жолдарын талдап, «Наурыз тойы» дегеніміз не ол жөніңде естіп,білгендерін ортаға салу)

  Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн     теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

 2-жүргізуші: Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.

2. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.

3. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.

4. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс молшылық бастауы.

5. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.

 (әр қанатты сөзге оқушы өз ойын нақтылай жеткізілуге ұмтылды)

 1-    жүргізуші:          

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

 

(оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқып,оның мәнін аша білді).

   1- Оқушы:               

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер!

Бүгін бізде –

Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ  қосқан.

 

 Бәрі:

Наурыз келсе,құт келгені, халайық!

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық..

 

2- Оқушы:           

Бүгін күн кенелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

 

 3-Оқушы:          

 Наурыз той салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

 

 4-Оқушы:         

 Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын.

 

 5-Оқушы:          

Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден

 2 – жүргізуші:

Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн Ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға,батар күнге тәу-тәу!

 

 Күн Ана.

-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған бас  иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау – тасыңнан,жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шықырғалы отырмын.

 

 1 – жүргізуші:Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,

 

Құтты болсын қуанышың Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке.

 

 Көктем Ару.

-Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Өшкен шырақ жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таңы,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

 

(«Наурыз» әні орындалды.)

 2 – жүргізуші:- Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ

«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше,Наурыз мейрамының салтанаты

Наурызды шақырайық.

 

 1 – жүргізуші:-

Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен,

Ел болып қарсы алайық!

 

 

Күн Ана.

 

- Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді – ау!

Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет,әрі кет.

Алас,Алас! Бар бәледен қалас.

Наурыз батырым келе ғой!

 

 Наурыз батыр.

 

Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуаға халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас – кәрің.

Жыл иесі тышқаным,

Құт иесі тышқаным,

Бақыт әкел еліме

Құт – береке молшылық

Дари берсін жеріме.

 

2 – жүргізуші:- Рахмет;Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

 

 1 – жүргізуші:

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

 

              Бәрі:              

Жарқыраған жыл нұрды,

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

 

(«Наурыз келді әні»)

 

  II – БӨЛІМ

 

 Оқушыларды екі топқа бөлу (сайыс ұйымдастыру)

«Наурыз» тобы                                                «Көктем» тобы

 

 1. Топ атын қорғау.

4. Мақал – мәтелді аяқта.

5. Ребус шешу.

6. Сөз жұмбақ шешу.

 Қорытындылап, марапаттау.

 Мерекелік кеш әсем ән, би,өлең – жырмен жалғасты.

Наурыз көже таратылды.

  Жыл басы - Наурыз!

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. .
Залда әсем әуен ойнап тұрады.


1 жүргізуші Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ата- аналар!

Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсы тілінде «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн     теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.


2- жүргізуші: О, жарандар, жарандар,
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді
Үлкен - кіші, кәріңді
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алла қолдап ісіңді,
Қадамың басқан оң болсын!
Ортаға екі бала шығады.

1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.

2-жаршы: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын бастаймыз.
Көрініс: күн мен түн ортаға шығады.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.

3.Қыдыр ата сөзі:Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қарғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Ал, балалар, балалар,
Би билеп, ән салайық,
Наурыз тойда, думандап.
Ән: Нұрын төккен Анам
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Қой» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Мешін » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз:
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2- бала: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

3-бала: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Би:«Қаражорға»
ІІ. Негізгі бөлім:
ІІІ.  Дүние жүзі  халықтарының  Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

 

Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.

 

Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.

 

Иран елі:  Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын. «Құлға бір күн азаттық» деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әрпі  «шинмен» басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шат отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.

 

Ауған елі: Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық – құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» — «кулькабаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім – кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.

 

Араб елі:    Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі–«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.

 

Парсы елі:  Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады. Соқа мен жер жыртады,  ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны – аяқты сындырады. Бір – біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн» белгісін салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

 

Үнді елі:      Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі.  Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.

Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған.

Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди»,чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.


.
.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала: Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

2- бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.

3- бала: Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!

4- бала:Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі

5-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

6-бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.
Ән: «Төлдер».



Қыздар биі: «Жаңарған Маңғыстау»



Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс», «Асық ату»

IV.  Наурыздағы салт — дәстүрлер

 

     Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …

 

Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

 

Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

 

Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.

Наурызша —  Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.


V.  Ата – салтың – қазынам

 

                     Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

1.    Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

2.    Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

3.    Наурыз тілек деген не?  (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)

4.    Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)

5.    Наурыз бата дегеніміз не ?   (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)


. Балалар бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақытты! Аумин.

Жүргізушіі: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.