Мырзашева Нұрсұлу Сағынқызының Жылдық есебі. Баяндама

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Мырзашева Нұрсұлу Сағынқызының 2015-2016 оқу жылы бойынша тәрбие саласында жүргізілген жұмысының қорытынды есебі

Мен Мырзашева Нұрсұлу Сағынқызы, І-санатты бастауыш сынып мұғалімімін. Еңбек өтілім: 15 жыл. Әдістемелік тақырыбым: «Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру». 2015-2016 оқу жылында 4 «Б» сыныбына жетекшілік еттім. Сыныпта 25 оқушы. 11-і ұл бала , 14-і қыз бала. Сыныпта бір оқушы үйден оқытылады. Ол Сагинтаев Тимур. Сынып оқушыларының ішінде 1 оқушы көп балалы отбасынан болғандықтан, аз қамтылған отбасы қатарына жатады. Ол оқушы Нұржан Алинур. Сыныптағы пәтер жалдап тұратын оқушы саны 24 % -ды құрап отыр.

Мектептегі және мектептен тыс үйірмелерге қатысатын оқушылар сынып оқушыларының 28% құрап отыр. Сыныптан тыс үйірмелерге қатысатын оқушылар: Суйенишов Саламат , мектептегі бокс үйірмесі және «Атамұра» аула клубы. Сонмен қатар аталған аула клубта Смаүулова Зухра, Нұржан Алинур, Совет Гүлназ тәлім алуда. Сапарова Мира қалалық №1 саз мектебінде , Кажиханов Қуаныш мектептегі бокс үйірмесіне қатысады.


Өткізілген тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс шаралар:

Қыркүйек айында тіл мерекесіне байланысты 3-4 сыныптар арасындағы оздырылған «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» атты сыныптан тыс шара жоғарғы деңгейде өткізілгендігі туралы әдістеме бірлестік отырысында аталып өтті. Сондай-ақ бастауыш сыныптар арасындағы «Туы биік-Тәуелсіздік» атты үш тілдегі мәнерлеп оқу сайысы бірнеше оқушыны қамтыған кең көлемдегі шара болып есептелді. Сынып оқушылары және ата-аналары қатысқан «Жасыл шырша жанында», «Наурыз –мерекелі, Наурыз-берекелі», «Аттандық бала шақтан- болашаққа» атты шаралар сәтті өтті. Әріптестері тарапынан оң бағасын алды.

Мұғалім жұмысы тек мектеп көлемінде танылып қана қоймай, басылымдарға жариялануы қажет.


2015-2016 оқу жылындағы іс-тәжірибелердің басылымдарға жариялануы

«Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналда «Желбіресін жеңіс туы мәңгілік» атты ашық тәрбие сағатының жоспар үлгісі ұсынылған болатын. Сонымен қатар облыстық сайтта да жарияланды. trener.orleuzko.kz. Облыстық деңгейдегі ұстаздар сайтымен жүйелі жұмыс жүргіземін. «Астанаға ақ бата» 25.10.2015ж, «Зат есімнің жіктелуі» 30.01.2016ж. сайт парақшасына тіркелген болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай «Табысты мұғалім- табысты оқушы» он-лайн сайысының нәтижесінде электронды жинаққа жұмысым енді.


Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі. Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде,құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасайды.Олар сабаққа ерекше көңіл күймен келеді.Дарынды оқушы ойын ашық тереңнен жеткізе алса енді біреулері сурет салудан көрінеді.
Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамытып, тапсырылған жұмысты сапалы орындайды. Нәтижесінде:


Қазіргі кезеңде шығармашылығын шыңдау мен өз біліктілік деңгейін анықтау мақсатында тікелей де, сырттай да сайыстар көптеп ұйымдастырылуда. Осындай сайыстардың бірқатарына оқу жылы бойында сынып оқушылары қатысты. Атап айтсам, Халықаралық деңгейдегі балаларға арналған интеллектуалдық сайыс -«Пони». Сыныптан 12 оқушы қатысып, Дипломант атанды. Сонымен қатар, 60 минутқа яғни уақытқа орындауға арналған Республикалық деңгейдегі қашықтық олимпиада «Жас білімпаз» сайысына сыныптан 12 оқушы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Қалалық деңгейдегі Тәуелсіздік мерекесіне арналған шараларда ертегі құрастыру жұмысы бойынша Тулеугалиев Орынбасар алғыс хатпен марапатталды.

2015-2016 оқу жылы бойынша І тоқсанда көрсетілген білім сапасы 72 % ды құрады. 5 оқу озаты, 13 оқу екпіндісімен аяқтадық. ІІ тоқсанда көрсетілген білім сапасы 72 % ды құрады. 5 оқу озаты, 13 оқу екпіндісімен аяқтадық. ІІІ тоқсанда көрсетілген білім сапасы 72 % ды құрады. 4 оқу озаты, 14 оқу екпіндісімен аяқтадық. ІҮ тоқсанда көрсетілген білім сапасы 72 % ды құрады. 5 оқу озаты, 13 оқу екпіндісімен аяқтадық. Жылдық сапа бойынша көрсетілген білім сапасы 72 % ды құрады. 5 оқу озаты, 13 оқу екпіндісімен аяқтадық.

Қорытынды: Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.Баланың ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген ынтасын қызығушылығын арттыру, ол мұғалімнің басты міндеті және жұмысы.

Ұсынысым: 2016-2017 оқу жылында үлгерімі төмен нашар оқушылармен жұмыс жоспарын нақты құрып, жүйелі жұмыстану. А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерттеуге алу, әріптестермен бірлесе отырып, дамыту жолдарын қарастыру.





























[pic]













2015-2016 оқу жылы бойынша тәрбие

саласында жүргізілген жұмыстардың

қорытынды есебі.













Мырзашева Н.С