Күні:
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 3 «д»
Сабақтың тақырыбы: Көшер кезде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға романнан үзіндіні оқып, мазмұнын талдауға, тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстарды өмірмен байланыстыра отырып, білімдерін бекітуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: әңгімедегі кейіпкер сезімдері арқылы табиғатты, жаратылыстың барлық иелерін аялау, жанашырлықпен қарау сияқты мінез құлықтарға тәрбиеленуге негіз дайындау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, сұхбат, түсіндіру, талдау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану, еңбек.
Көрнекіліктер: оқулық, Б. Соқпақбаевтың суреті және шығармалары, иттің түрлерінің суреті, бөлшектерден құрастырма, бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық:
Мұғалім сөйлемдер оқиды, оқушылар «Шындық», «Өтірік» деп жауап береді.
− Күн жерді айналады (өтірік)
− Күн кешке батыстан шығады, таңертең шығысқа батады (өтірік )
− Бір жылда төрт мезгіл бар (шындық)
− Мұхит өзенге құяды (өтірік)
− Бозторғай үй құсы (өтірік)
− Бозторғай қыста ұя салады (өтірік)
− Ит адамның досы (шындық)
II Үй тапсырмасын сұрау:
III Жаңа сабақ:
− Балалар сендердің алдарыңда бөлшектер жатыр. Осы бөлшектерден үй жануарының бейнесін құрастырыңдаршы.
−Қандай үй жануарының бейнесі шықты?
−Иттің.
−Ендеше ит туралы не білеміз?
−Тақтаға немесе плакатқа оқушылардың сөздері тізбектеліп жазылады.
Ит: дос, көмекші, құтқарушы, иісшіл, ақылды, иесін жақсы көреді, т. б.
−Ит, балалар жеті қазынаның бірі. Ертеде жорыққа шыққанда, аңшылық кезінде итті бірге ертіп жүрген.
−Иттің қандай түрлерін білесіңдер? ( Суретпен жұмыс)
- Иттің бірнеше түрлері тақтаға ілінеді, олардың тұқымдары туралы қысқаша мәлімет беріледі.
−Ит адамның досы дегенге сенесіңдер ме?
−Иә.
−Иттің қалада және ауылда асырауын салыстырып айтайықшы.
IV Автор жайында мәлімет:
Бүгін, біз Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романынан үзінді «Көшер кезде» мәтінін оқып, әңгімелейміз.
Аты - жөні: Бердібек Соқпақбаев
Туған жері: 1924жылы 15 қазанда Алматы обл, Нарынқол ауылында туған.
Дарындылығы: «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген.
Шығармашылығы: 1950ж. «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың Гауһар» секілді туындылар.
Оқулықпен жұмыс:
а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы
ә) оқушылардың мәтінді дауыстап, тізбекпен оқуы.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтін бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.
−Бұл мәтін не жайында айтылған?
−Иттің атын ата?
−Майлыаяқты кім алып кетпекші болды?
−Иесі Майлыаяқты неге өзімен бірге алып кетпеді?
Мәтінді талдау:
а) Мәтіннің ішінен Майлыаяқты сипаттаған жерін тауып оқы.
ә) Майлыаяқтың өзінің иесін қимайтынын жазушы қалай суреттегенін тауып оқы.
V Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды
Күн оянады
Жел соқты
Жаңбыр жауды
Бұлт шатырлады
Күн ашылды
Жел басылдыи
Бейнетаспадан үзінді:
Ит қайғыра біле ме? Осы сұрақтың жауабын Жапонияда түсірілген, «Хатико» деп аталатын ағылшын фильмінен үзінді көрсеткім келеді.
«Ха»- Жапон тілінде 8 - санын білдіреді. Қазақ халқында 7 - саны киелі болса, Жапонияда 8 - саны екен.
«тико»- «еркелету» сөзінің мағынасы.
(Осы фильмді көргеннен кейін оқушылардан алған әсерлерін, қандай сезімде болғандарын сұрау, айту).
VI Дәптермен жұмыс:
Иттің жағымды жақтарын тізбектеп айтқан болатынбыз, енді жағымсыз жақтарын атап шығып сақтану ережелерін құрайық:
− ауру иттен сақ болу
- ит ұстағаннан кейін қолды жуу
- көктемде және күзде иттер көбінесе «құтыру» ауруына тап болады, қасына жоламау.
VII Үй тапсырмасы: Мазмұндап келу.
VIII Қорытынды:
− Енді бүгін өткен жаңа сабағымызды қорытындылайық. Қалай ойлайсыңдар, Майлыаяқтың тағдыры ары қарай қалай болар екен? Өздерің
жалғастырып көріңдерші.
− Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Түсіндіру
IX Бағалау. Білімдерін бағалау
Сынып жетекші Жылқыбаева Б
Машықкер Абдина З