Шығармашылық жұмыс
Мен Утенова Сагида Кенжебайқызы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасай отырып оқушылардың таныс емес мәтінді тыныс белгісімен қоса алғанда оқу шапшаңдығын зерттеп және арттыру мақсатында ізденіп жүрмін. Оқушылармен жұмыс жргізген кезде мен оқу техникасының төмен болуы себептерін байқадым. Ол себептер мынадай болды:
Регрессия – бұл оқушы оқыған сөзді тағы қайталап оқуы.
Артикуляция-яғни бұл сөйлеу аппараттарының дұрыс жұмыс істемеуі, мысалы бала тұттығып сөйлеуі.
Дұрыс тыныс алмау.
Көру ауқымының аздығы
Есте сақтау қабілетінің нашарлығы
Менің сабағым нашар деген ойы болуы
Осы аталған себептері анықтғаннан кейін төменегіше жұмыстар жүргізіп отырдым.
Бір буынды, екі буынды, үш буынды, төрт буынды сөздерді оқыту
Берілген әріптерден сөз құрастыру
Сөздер мен сөйлемдерді бірте-бірте көбейте отыра оқыту керек. Осы әдісті қолданса оқушы оқудан жалықпайды.
Дауыстап оқыту
Ызыңдап оқыту
Көз бен кітап арасындағы ара қашықтықты сақтау
Оқу жылдамдығын салыстыру, көрсеткіштерін күнделікке мадақтап жазу
«Сөзден сөз тудыру» ойынын көп ойнату
Көру, есту диктанттарын көп алу керек
Оқшыны жігерлендіретін сөздер айту яғни балаға деген махаббат ұстазда болуы керек.
Осындай жұмыстар атқара отырып мен баланың ойында оқуға деген ынтасы оянғанын байқадым. Сондай-ақ күнделікті сабаққа да белсене қатысып, өзінің «менің қолымнан келеді» деген сенімнің оянғаны мені таңқалдырды. Мен осы жұмыстарды одан әрі қарай жалғастыра отырып шәкірттеріме сапалы білім бере бергім келеді. Мен өз мамандығымды мақтан етемін!
Сабақта қолданатын технологияларым :
Смайликтер
Тренингтер
Көріністер
Венн диаграммасы
Топтастыру стратегиясы
Қорытынды:
Мен осы көрсеткен әдіс – тәсілдерді 2 жыл көлемінде қолданып келемін.
Оқу техникасы ең төмен деген оқушыларым бірте-бірте жоғарылап келеді.
Сондай-ақ ол оқушылар диктант жұмыстарын да қанағаттанарлық дәрежеде жазып үйреніп келе жатыр. Ол оқушылар әдебиеттік оқу пәнінен де әңгімелеу шеберліктері жақсы. Бұл оқушылармен одан әрі қарай жұмыс жасап екпінді оқушылардың сатысына қосамын деген мақсатым бар.