Қоржыннан алған сан бойынша текше артындағы сұраққа жауап беруге тиіс. (көрнекілік және картадан пайдалану) 1 Өзен деген не?
2 Қазақстандағы қандай өзендерді білесің?
3 Каспий теңізіне қандай өзен құяды?
4 Көл деген не?
5 Қандай көлдерді білесің?
6 Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
7 Арал теңізіне қай өзендер құяды?
8 Балхаш көліне қандай өзендер құяды?
9 Көл мен өзеннің айырмашылығы?
ә) Мәтінмен жұмыс
1.Каспий теңізі туралы айтылған тұсты оқу
2. Балхаш көлі
3. Арал теңізі
ІІІ Бағалау, бекіту
а)Тірек сызба
ә) Картамен жұмыс
№1 а) жұмбақты шеш
Қылыш пен шауып
Турай алмадым.
Бір шайқап қалып
Жинай алмадым.
ә)Тиым сөздер
№2 а) Жаңылтпаш
Суда сең келеді
Сегіз серке тең келеді.
ә)Үш көз
№3 Мақал-мәтел мәнін айт
а)Судыңда сұрауы бар
ә)жеті жұт
б)жеке оқушыларды бағалау
ІҮ. Ой шақыру. Мұғалім
Мақал: Жағадағы ел-су ішеді,
Аяқтағы ел-у ішеді.
(қалай түсіндіресіз)
Суды қорғау
а) оқулықпен жұмыс
ә) іштей оқу 3 минут
б) сурет бойынша жұмыс
(көзді жұмып, адам әрекетінен судың ластануын елестету)
І Су тобы: табиғаттағы судың ластануы
ІІ Бу тобы: суға зиянды қалдықтардың түсуі (сурет салу)
ІІІ Мұз тобы: Арал қасіреті
в) салған суреттері бойынша ауызша әңгімелеу
1. Каспий теңізіне байланысты
2. Балхаш көліне байланысты
3. Арал теңізіне байланысты
Мұғалімнің түсіндірмесі: адам ағзасында 5литр сұйықтық бар. Егер адам ауырса, онда оның көзінен, мұрнынан сұйықтық көп шығады, терлейді. (практикалық жұмыс)
Ү.Қорытынды
а)Шығармашылық жұмыс
Өмір, ластамау,тіршілік, керек, сүру, су, емес,суды, көзі, сусыз, қорғау, мүмкін, міндетіміз.
Берілген сөздерден 4 сөйлем құрау. Дауыстап оқу.
1) Су- тіршілік көзі.
2) Сусыз өмір сүру мүмкін емес.
3) Суды ластамау керек.
4) Суды қорғау міндетіміз.
ә)Көрнекілік әдіс
1) Мұғалімнің қорытынды пікірі
2) Ән: Арал құшағында туылдым
Сенің мөлдір суларыңа шомылдым
Қайдасың сен бір көрінші Аралым
Сені іздеп қай жерлерден табамын
3) топ топтардың жинаған баллы есептеледі
ҮІ Үйге тапсырма беру:
а) Суды қорғау. Мәтінді оқып, түсінгін айту.
ә) Су тіршілік көзі. Эссе жазу.