Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы №10
«Бәйтерек» ересек тобы « 05» қараша 2014 жыл
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Жапсыру
Тақырыбы: «Құмырадағы гүл ».
Мақсаты: Затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту; математикалық ұғымдарын бекіту; сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Бөлме ішіндегі гүлдерді бақылау.
Қостілді құрам : гүл – цветок, құмыра – ваза, әже – бабушка, күлте – лепесток.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің қызметі
Балалар қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық
«Тілек шоғы » жылулық шеңбері. Педагог әр баланың
қолына бір – бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады.
Жылы сөз айту жалғасады.
Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы »
болып, педагогтің өзіне оралады.
Кімде – кім жақсы тілек айтса,
жақсы тілек ойласа, сол үлкен
жақсылыққа айналып өзіңе қайтады.
Балалар жылулық шеңберін құрып, айналып жүреді.
Бала педагог ұсынған гүлін өзінің гүлімен қосып келесі балаға береді.
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік
Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.
Тосын сәт:
Кенет есік қағылады.
Педагог:
-Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?
Қолында гүлі бар әже кіреді.
Әжей:
-Бүгін менің немерем Әселдің
туған күні,- дейді.
Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.
-Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.
-Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындайық.
Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды,
содан соң гүлдерді жапсыру техникасын
көрсетіп, түсіндіреді.
-Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
-Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
-Құмырада неше гүл бар?
-Күлтелерін санап көрейік?
- Сабағын санайық?
- Жапырағы нешеу екен?
Қимылды ойын: « Гүл жинау».
Мақсаты: Балаларды шапшандыққа баулу.
Балалар өздері білетін
бақша гүлдерінің атын атайды.
Балалар әжеймен амандасады.
Балалар әңгімеге белсене араласып отырады.
Бәрін мұқият тыңдайды.
Балалар өлең ырғағымен
қимыл – қозғалыстар жасайды.
Қиып алған бөліктерін
сюжетті суретке жапсырады.
Балалар санайды.
- 1 гүл бар
- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
- 1,2,3.
- 1,2,3,4,5,6.
Балалар қызығушылықпен ойнады.
Рефлексифті-
түзетушілік
Балалар, осы дайындаған гүлімізді Әселге сыйлаймыз.
Әже, қараңызшы, біздің балалар қандай әдемі гүлдер жасады. Әже педагогпен бірге
балаларды мақтайды.
Әже балалармен қоштасады.
Балалар бір – бірінің жұмыстарын жасаған өз
білгендерінше бағалайды. Әжемен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Гүлді үлгі бойынша жапсырады;
Үйрену: Туған күніне сыйлық жасау керектігін;
Меңгеру: Затқа қарап жапсыру дағдысын;
Әдіскер: ______________________ Тәрбиеші : Жасқайратова. А. Ж.