Менiн достарым. 3 сынып.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі : 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы тәуелдік жалғау грамматикалық тақырыпты меңгеру.

2.Тәрбиелік. Оқушыларды достыққа баулу. Бірлік, татулық сезімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдықты тәрбиелеу.

3.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,

Сабақтың жұмыс түрлері: сөздік жұмысы, өздік жұмыс, жұптық жұмыс, диалог түрі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен әңгімелесу,түгелдеу.

2.Сабақтың мақсатын,барысын айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Тіл дамыту сәті.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы «Күз» жыл мезгілі туралы оқушылармен сұхбаттасу жүргізу;

- Қазір қандай жыл мезгілі? - Қазір күз жыл мезгілі.

- Күз айлары қандай? – қыркүйек, қазан, қараша

- Күзде күн қандай болады? – Күзде күн суық болады

1. Жаңа сабақ.

Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен таныстыру. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

достық – дружба

дос – друг

шын дос – настоящий друг

сенімді дос – верный друг

- мұғалім мәнерлеп оқиды;

- оқушылар дауыстап қайталайды;

- оқушылар тізбектеп оқиды;

- оқушылар сөздік дәптерлерге жаңа сөздерді жазады;

2. Жаңа тақырып.

Мұғалімнің сөзі: Достық туралы мақал-мәтелдер:

«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты»

«Жүз теңге болмасын, жүз дос болсын»

Достық тәрбиелік әңгіме жүргізу

Оқулық бойынша мәтінмен жұмыс.

- мәтінді мәнерлеп оқу;

- мазмұндама ашу;

- аударма жұмысын жүргізу;

Тәуелдік жалғау грамматикалық тақырыпты меңгеру мақсатымен тәжірибе жұмысын жүргізу

Дос

1 жақ Менің дос + ым

2 жақ Сенің дос +ың

Сіздің дос + ыңыз

3 жақ Оның дос + ы

3. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету мақсатымен, оқулық бойынша 2,3-тапсырма өздігінен орындау.

Оқушыларды тексеріп шығу.

Сергіту сәті.


Иілеміз оңға,

Иілеміз солға,

Мұғалімға қарайды,

Аяққа бір, қолға бір

Жүгіруден қашпаймыз,

Секіруден саспаймыз.

Көңілді әуен сазымен,

Жаттығуды бастаймыз.

4. Достық туралы өлеңді оқып шығу.

ІІІ Сабақты бекіту. Рефлексия.

- Бүгін біз не өттік, қандай тақырыппен, жаңа сөздерімен таныстық?

Оқушылардың білімін бағалау.

Үй тапсырмасын беру: с. 170 1,4-жаттығу.

Қоштасу кезеңі.