Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Тақырып: Келісім түбі-жарастық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: достық,татулық,сыйластық
Мұғалім: Нұрылла Әсем
Класс:2 Оқушылар саны
Сабақ мақсаты: «Достық», «сыйластық»адамгершілік құндылықтары туралы түсінктерін кеңейту. Міндеттері:
Келісім,жарастық туралы түсінік беру;
Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;
Өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.
Сабақ барысы:
1.Алғашқы ұйымдастырукезеңi.Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татуылық
Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемнің гүл бағы.»
Терең тыныс алыңыз…Өзіңізді жайлы, қалыпты ұстаңыз. Өзіңізді бақылаңыз. Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері бар түрлі - түсті қақпа пайда болды. да жарық етіп ашыла кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды - жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шетімен шегі жоқ.
Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі биледі. Гүлдердің ішінен өзіңізге жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап тұрған сияқты. Олар кімдер?
Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің өзіңізге жақын, сізге туысқандық байланысы барын сезінесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір - біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға бір ғана күнжылуын беріп, шұғыласын шашады.
Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен - ол - мен». Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді.
2. Дәйексөз
«Келісіп пішкен тон келте болмас»
Адамдар бір-бірімен келісіп,ақылдасып атқарған істің нәтижесі де жемісті болады.Әр түрлі пікірлерден ортақ дұрыс шешімге келу адамдардың бір-бірін құрметтеуіне,сыйласуына ,достасуына жағдай жасайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген осы.
3. Әңгімелесу
Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?
Қалай татуластыңдар?
Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңдер?
Келісімге келу не үші қажет деп ойлайсыңдар?
4.Мәтінмен жұмыс.
Өсиет әңгіме
5.Шығармашылық жұмыс
Жағдаяттар талдау
6. Ән айту
Бала тілегі
7.Дәптермен жұмыс
8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.