Жаңатұрмыс негізгі мектебі.
Әдептілік -әдемілік.
5-класс
Өткізген: Сарсенова Мағзуда
2011 оқу жылы.
Тақырыбы: «Әдептілік -әдемілік.»
Міндеті: Оқушыларды өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңірте отырып, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: компьютер, нақыл сөздер,
Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдісі: таным сабақ
Сабақ барысы:
Құрметті : оқушылар! Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің.
Бүгінгі тақырыбымыз бәрімізге таныс. Ендеше мен сабағымызды мынадай бір шағын әңгімеден бастағым келіп тұр.
Күн жылы еді. Мұз айдыны жарқырап тұр. Бірақ мұз айдынында адамдар аз еді. Бір кішкентай қыз бір орындықтан екіншісіне қарай аяқ басып, сырғанақ теуіп жүр.
Мұрат болса, мұз айдынында біресе бір аяғымен сырғанап, біресе шыр көбелекше айналып, түрлі әдістермен сырғанақ теуіп жүр.
Сәл алыста тұрған екі бала оынң жасағанын көріп:
Мұрат одан әрі қарай сырғанай бергені сол еді жаңағы кішкентай қызды түйіп кетті.
Мен абайсызда... –деп қыздың үстіндегі қарды қаға бастады.
Жарақаттанған жоқсың ба? Қыз үндемей күліп.
Тіземді, -деді. Әлгі екі бала тырқылдап күліп тұрды.
«Олар маған күліп тұр» деп ойлаған мұрат кенет тез бұрылып кетіп қалды.
Қарашы, тек қана тізесі ауырғанға осыншама жылап! деп әлгі екі бала одан әрі күле берді.
Бізге кел! деп Мұратты өздеріне шақырды. Үшеуі қосылып одан ары қарай сырғанақ тепті.
Осы шағын әңгімеден не ұқтыңыздар? Кімнің қандай ойы бар екен?
-Мұратты әлгі балаларға қарағанда әдепті деп санауға бола ма?
-Адамдарды қандай қасиеттеріне қарап әдепті деп санауға болады?
Алдарыңыздағы қағазға «Әдеп» сөзін қалай түсінесіз, соны жазсаңыз.
Адамдар арасындағы ізгілік сыйластық қарым қатынасынан әдептілік туады.
Әдепті адам биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болады.
Ситуациялық сұрақтар
Тапсырма:
№1. Сіз танысыңызға сыртқы киімін кигізгіңіз келді. Сіз оны қалай жасайсыз?
№2. Сізге танысыңыз телефон соқты. Ұзақ сөйлескеніңізді байқадыңыз. Қалай әңгімеңізді доғарасыз?
№3. Сіз берілген тапсырманы шешіп отырып қиналдыңыз. Танысыңыздан қалай көмек сұрайсыз?
№4. Сізге лентамен көркемделген үлкен қораптағы сыйлық берді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
№5. Сіздің достарыңыз киноға барамыз деп сізді де шақырды. Бірақ сіз үй тапсырмасын орындаған жоқсыз. Оларға қалай жауап бересіз?
№6. Шахмат ойнауға досыңызды қалай шақырасыз?
«Халық даналығының қазынасы»
Сіздерге екі бағанда сөз тіркестері мен сөздер берілген. Осы сөздерді пайдалана отырып, халық даналығындағы мақал немесе нақыл сөздерді құрастырыңыз.
Есік ашылып, ішке балапан кіріп келеді.
Алдынан Қоян мен Тауық шығады. Балапан Тауықты түйіп кетті, тауық жерге құлап түсті.
Қоян: Балапан, саған не болды. Сен мына тауықты құлаттың ғой. Және кешірім де сұрамадың. Қандай әдепсіздік!
Балапан: Мен асығып барамын. Өздерің емес пе, қонаққа кел. Тәтті тоқаштар жейміз деген. Қане, тәттілер!
Қоян: Балапан, бүгін менің туған күнім ғой. Сен мені құттықтамайсың ба?
Балапан: Ой, қойшы, одан да тәттілеріңді әкелші.
Қоян: Балапан, сен қызықсың, есікті қақпай, кіріп келдің, аяғыңды сүртпедің, амандаспадың, құттықтамадың.
Тауық: Қонаққа барғанда өз-өзіңді ұстай алмасаң, келмей-ақ қой.
Балапан: Түһ, мыналардың бәрі ақылгөйсіп кетті ғой. Одан да орманға барып тұрғаным жақсы. Онда саған ешкім де тимейді.
Тауық: Рұқсат сұрамай кіруге бола ма? Әуелі қонақта өзіңді қалай ұстауың керек, соны үйрен, сосын барып, қонаққа кел. Менің саған ұқсағым келмейді. Енді осыдан кейін үнемі қайырымды, әрі мәдениетті боламын.
Мұғалім: Балалар, қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстау керек екенін сіздер білесіздер ме?
Балалар өз ойларын айтады.
Одан ары қарай қатысушыларға түрлі тақырыптағы тапсырмалар беріледі. Мысалы:
Құдайберген:
Сыйластықты іздеген.
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі.
Үлкендерге сіз деген.
Әсем:
Әдеп, ізет , иба да.
Шарайнасы жаныңнын,
Әдептіні сыйла да,
Тәңіріндей табынған.
Заманай:
Әдеп-алтын сабырын.
Жетелейтін мұратқа .
Әдеп талап жалының.
Ақ желкенің құлатпа.
Үйге:
Әдептілік, адалдыққа, мәдениеттілікке байланысты мақал-мәтелдер дайындау.
Әдептілік әлемі.
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ табақты.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.