Қызылорда қаласы атты сабақ жоспары (4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Қызылорда қаласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтінді түсіне отырып,Қызылорда туралы толық түсінік алуларына көмектесу

Дамытушылық: танымдық,есте сақтау қабілетінің,ауызша жазбаша сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік:елін,жерін сүю,тарихын білу

Әдісі: топтық жұмыс,сұрақ,жауап, ой-толғау.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу.Түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру. 

Жаңа тақырып. Топтық жұмыс:Балалар бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз.

Әр қайсыларың менің қасыма келіп кәмпит таңдайсыңдар.Балалар топқа бөлінеді.

Ой қозғау.

Балалар мынау не? Ракета дұрыс. Ракета қай жерден ұшады кім біледі?

Ал бүгін балалар ракетаның бізге деген тапсырмалары бар екен.Оларды орындаймыз ба?

1. Сөздерді аудару арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

«Қ ызылорда» сөзін шығарып айтады.

2.Жаңа сөздер.

Ғарыш-космос

Ғарыш айлағы-космодром

Ғарышкер-космонавт

Күріш-рис





1 тапсырма.

Фонетикалық жаттығу:

1 топ Қы-зыл-ор-да 4 буын 1а.б 2б.б 3т.б 4а.б

Қ-дауыссыз,қатаң

ы– дауысты, жуан

з-дауыссыз, ұяң

ы-дауысты, жуан

л-дауыссыз, үнді

о-дауысты,жуан

р-дауыссыз,үнді

д-дауыссыз ,ұяң

а-дауысты, жуан           9 әріп,9 дыбыс

2 топ Қазақстан

3.Мәтінмен жұмыс. ( 82 бет)

Қызылорда қаласы

Қызылорда –үлкен қала.Қызылорда облысында-Қазақстанның екінші астанасы.Қызылорда облысында «Байқоңыр» ғарыш айлағы бар.1991 жылы Тоқтар Әубәкіров,ал 1994 жылы Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты

4. Сергіту сәті:



Сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.



Диалог құру. 1 топ телефонмен сөйлесу арқылы құрастырады

2 топ тілшімен сөйлесу арқылы құрастырады

Кластер жасау. Оқушылар не білгендерін бәрін қағазға түсіреді



7.Сабақты қорытындылау:

Сабақтың тақырыбы қандай?

Қызылорда сонымен қандай қала?

Бірінші ғарышкер кім?

Екінші ғарышкер кім?

Сабақта не білдік?

Сабақта не үйрендік?

Сабақ ұнады ма сендерге?Несімен?

Барлықтарың сабақта қандай әсер алдыңдар соны осы стикерлерге жазып мына ракетаға жабыстырыңдар.

Үй жұмысын беру. Мұғалім түсіндіреді,мәнерлеп оқып береді.

1.Жаңа сөздерді жаттау.

2.Өлеңді жаттау.

Бағалау. Топта кім жақсы жұмыс істеді?Оқушыларды бағалау.