Сабақ жоспары Жиын. Бір-көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: Жиын. Бір-көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.

Мақсаты:

1) Балаларды заттар тобының ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік өалыптастыру: «бір» және «бірнеше» терминдерін енгізу;

2) Дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту;

3) Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.



Мотивациялық-қозғаушылық



«Анамызға дастарқан жаюға көмектесейік» ойыны. Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер, көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз).



Ұйымдастырушылық-ізденістік

- - Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық.Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөністр, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

- - Біздің қолымызда неше жеміс бар? Олар көп пе әлде бірнешеу ме?

- - Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?

- Қарбыз туралы не айтуға болады?

- Қарбыз нешеу екен?

Дәптермен жұмыс:

1 тапсырманы орындау.

- Балалар, жемістерді қызыл, көкөністерді жасыл, тәттілерді көк қарындашпен қоршап сызыңдар. Барлық қызыл түсті, барлық жасыл түсті заттарды атаңдар.

2 тапсырма:

Алма, алмұртты тиісті түстермен бояу

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

3 тапсырма:

- Сол жақтағы себетке көп алманы, оң жақтағы себетке бір үлкен алманы жапсырыңдар.



Рефлексиялық – түзетушілік

- Бүгін қандай сөздер кездестірдіңдер?

- Жапсырманы қайдан табамыз?

Не үйреңдіңдер?