Сабақтың тақырыбы : Әуелбек Қоңыратбаев « Киіктің айласы»
Сабақтың мақсаты : оқушылар мәтінді мәнерлеп оқи отырып мағынасын
меңгереді.
Сабақтың міндеттері :1. Ә.Қоңыратбаев туралы қосымша түсінік алады.
Мәтінді оқи отырып киіктің пайдасы , оның
ерекшеліктері туралы мағлұмат алады .
2. тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың
сын тұрғысынан ойлауы , қиялы , сөздік қоры ,
байланыстыра сөйлеу дағдылары қалыптасады..
3. Топпен жұмыс істеуге , табиғатты сүюге , қорғай
білуге үйренеді .
Сабақта қолданылатын стратегиялар : Блум таксонамиясы , Семантикалық карта , Бағыттап оқыту стратегиясы , Инсерт ,Қаламды ортаға , Эссе.
Сабаққа қажетті құралдар : маркер 3 түсті , ватман , стикерлер , бағалау парағы , пирамида , үлестірмелі материалдар, автордың портреті,АКТ.
Пәнаралық байланыс : дүниетану , өзін-өзі тану
Сабақтың барысы :
І. Жылулық шеңбері .
-Балалар терезеге қараңдаршы .
-Бүгін ауа –райы қандай ?
-Бұндай ауа – райы қандай көңіл күй тудырады ?
- Сыныбымызда жақсы көңіл –күй тудыру ушін не істеуіміз керек ?
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1.Топқа бөлу. Өткен сабақтың мәтінінің мазмұнына құрылған жоспар бойынша 3топқа бөлу.
2.Топта жұмыс істеудің ережесін қайталау, жетекшілерді сайлау.
1-топ мәтіннің басы
2-топ мәтіннің негізгі бөлімі
3-топ мәтіннің соңы
3. Үй тапсырмасын сұрау
А)мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша 3 топтан бір оқушыдан мазмұндайды.
Б) өткен мәтін бойынша диалогтық сұрақ –жауап .
-Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер ?
-Қайырымдылыққа тағы нелер жатады?
-Мұхтар қандай қайырымдылық жасады ?
-Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің ?
--- Қайырымдылық—
Семантикалық картаны толықтыру .
4. Сабаққа мақсат қойғызу.
5. «Жез киік» әнін тыңдату.
- Балалар не тыңдадық?
- Не туралы?
- Бұл әнді неге қосты деп ойлайсыңдар?
6. Киік туралы мағлұмат беру ИНСЕРТ әдісі арқылы оқып , киік туралы мағлұмат алады .
V- білемін
+ - жаңалық
-- - түсінбедім
?-сұрағым бар
ІІІ. Мағынаны ажырату .
1.Авторға тоқталу.
-мәтінді кім жазды деп ойлайсыңдар ?
- Автормен таныстыру . Әуелбек Қоңыратбаев
[pic]
2.Бағыттап оқыту стратегиясы . Мәтіннің бастапқы бөлігі беріледі .
- ары қарай не болды деп ойлайсыңдар?
- өз ойлары бойынша жалғастыру .
3.Мәтінді тізбектей оқу « Қаламды ортаға» стратегиясы бойынша.
4.Сергіту сәті . Арқаларына жапсырылған жүрекшеге бір сөзден жазады бір –біріне.
5. Сыныпты 3 топқа бөлу.
1-топ Биографтар . Ақпараттық картамен жазушының паспортын толтыру мәліметтерді пайдалана отырып .
2-топ Тарихшылар. Сөздік жұмыс . Сөздерді мағынасымен сәйкестендіру. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
3-топ Әдебиетшілер . Рецензия жазады. Мәтіндегі бос орындарға сәйкес келетін терминдердің санын жазғызу.
ІV . Ой толғаныс .
1.Киіктердің қасиетті жануар екендігіне тоқталып өту , семантикалық картаны толықтыру .
2.Видеоның жалғасын көрсету.
2015ж киіктердің жаппай қырылуының себебі.
3.Киіктерді қорғау үшін қандай қамқорлық жасау керек ?
« Кешіріңдер бізді түз тағылары»
4. Үйге тапсырма мәтінді түсініп оқу .
5. Бағалау.
-оқушылар өздерін бағалайды Блум таксономиясы бойынша .
- стикерлер арқылы Блум таксономиясының 6 қадамы бойынша бағалайды.