Рефлективті есеп Күні: 19.04.2016 жыл Сынып: 1 «Е» Пәні: Ана тілі Пән мұғалімі: Есболатова Динара Тақырыбы: Сөйлем. «Сурет сабағы» Оспанхан Әубәкіров, «Суретші ата Қастеев» Оқушылардың суретші Әбілхан Қастеев өнерін сипаттайтын өлеңді талдауы арқылы суретшілердің еңбектерін естерінде сақтап, өлең мазмұнын талдап, қорытынды жасады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға байланысты тақырыптың мазмұнын ашуда ұсынылған ақпараттар мен топтағы балалардың пікірін тыңдап, сыни бағалап, өз пікірі мен көз қарасын ұсына алатын шығармашыл тұлға дамыды. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру кезеңінде қызыл қызғалдақ, сары сарғалдақ, жасыл шөп (жайлау), көк аспан (табиғат) суреттерін тарату арқылы топқа бөлдім. Оқушылардың зейінін тұрақтандырып, ынтымақтастық атмосферасын құру үшін өлең жолдарын айтқыздым. Білу кезеңінде үй тапсырмасын тексеру үшін жеңіл сұрақтар қойдым.Олар: «Қазақтың бұлбұлы» атанған әншісі кім? Халқымыздың бишілік өнерінің негізін қалаған бишісі кім? Күләш апамыз қандай өнерімен танымал болды? Шара апамыз қандай өнерімен танымал болды? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады? Сөйлем түрлерін ата.
Түсіну кезеңінде шығармашылық тапсырманы деңгей бойынша ұсындым. 1-деңгей: Сөздерден сөйлем құрау. 1.Жазира, гүл, алды, қызыл. 2.Бар, парта, қанша, сыныпта? 3.Жеңіске, алақай, біз, жеттік! 4.Гүлге, кезекші, су, құйды. 2-деңгей: Жоғарыдағы берілген сөздердің біріне ұстаз сұрақ ұсынады, сөзді сұрақпен алмастырады.Ал бір сұраулы сөйлемді керісінше хабарлы сөйлемге айналдырады. 1.Жазира қызыл гүл алды. (қандай?) 2.Сыныпта қанша парта бар? 3.Алақай, біз жеңіске жеттік!(не істедік?) 4.Кезекші гүлге су құйды.(не?) Қолдану кезеңінде балалар ережелерді қайталады. Білімдерінді жаңа сабақта қолданып, дәптермен жұмыс жүргізді. 155-жаттығу (1.Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріңдер.2.Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?) ;156-жаттығу. Ауызша жұмыс. (Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар) тапсырмасын орындады. Сергіту сәтінде «Ақ бұлақ» әні арқылы қимыл-қозғалыс жасады. Талдау кезеінде «Әрбір бала өнерлі» постермен жұмыс жүргізді. «Сурет сабағы» Оспанхан Әубкіровтың өлеңін түсіндіру үшін ақ ватман қағазы ұсынылады. Топқа бөліну кезеңінде ұсынылған қызғалдақ, сарғалдақ, шөп, күн шуақтары жабыстырылды. Өлеңді екі жолдан тізбектеп оқыды. Жинақтау кезеңінде ұсынылған сұрақтар: 1.Суретші болу үшін не қажет? 2.Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың? 3.Суретшілерден кімдерді білесіңдер? 4. «Суретші ата Қастеев» Н.Әлімқұлов өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау кезеңінде «Қастеев» туралы бейнебаян тамашалады. «Суретші ата Қастеев» өлеңін оқып, мазмұнын талдап, баға берді. Рефлексияда: Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Қай тапсырманы орындауда қиындық туды? Қиындық туған тапсырманы қалай шешуге болады? деген сұрақтарға балалар өз пікірлерін айтып, жауап берді. Бағалауда «Бағдаршам» әдісімен бағалады. Үйге тапсырма беріліп, күнделіктеріне жазып алды. |