Сөз құрамы тақырыбы бойынша ақпараттық құзыреттілікті анықтауға құзыреттілік бағытындағы тапсырма 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақпараттық құзыреттілікті анықтауға арналған құзыреттілік бағытындағы тапсырма

Сынып: 2

Тарау: Сөз құрамы

Тақырып: Жалғау.

Аспект: сөз құрамының қосымшасы жалғауды таныстыру.

Ынталандыру: егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң чемпион атанасың.

Тапсырма № 1

Мақалдарды оқып шығу. Қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын табу. Қандай айырмашылығы бар?

Ағаның үйі -ақ жайлау.

Ағаны көріп іні өсер.

Бұл сөздегі қосылған қосымша қай түрі?

1 тапсырма дұрыс талданса 1 ұпай.

Тапсырма № 2

Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тауып, белгіле.

Тоғайда, жұлдыздар, алманы, сәбізде, ағаштың, арыстанмен.

2 тапсырма дұрыс талданса 2 ұпай.

Тапсырма № 3

Сөздерге тиісті жалғауларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.

  1. Айгүл, іні, мектеп, бар.

  2. Гүлшат, аға, жарыс, қатыс.

  3. Болат, әке, Астана, кел.

3 тапсырма дұрыс талданса 3ұпай.

Тапсырма № 4

Берілген сөздерге жалғаулар және жұрнақтар жалғап жаз. 2-3 сөйлем құрастыр.

Ас, сурет, кітап, жұлдыз, теңіз, дәрі.

˄ ˄

Үлгі: асқа, аспаз

˄ ˄

суретке, суретші. т.с.с.

4 тапсырма дұрыс талданса 5 ұпай.

Өз-өзіңді бағала ұпай санын санап, ұпай санына сай смайликті белгіле.

[pic]

Жарайсың!!! (11-10 ұпай). Жақсы!! (7-9 ұпай). Дайындалу керек! (6-3 ұпай).



Ақпараттық құзыреттілікті анықтауға арналған құзыреттілік бағытындағы тапсырма

Сынып: 2

Тарау: 0-100 -ге дейінгі сандарды ауызша қосу және азайту тәсілі.

Тақырып: Шаршы. Шаршының периметрі.

Аспект:0-100 -ге дейінгі сандарды ауызша қосу және азайту. Шаршының периметрін табу.

Ынталандыру: егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң бүгінгі сабақтың чемпионы атанасың.

Тапсырма № 1

Барлық қабырғалары 3 см болатын шаршы сыз. Шаршының периметрін тап.

1 тапсырма дұрыс талданса 1 ұпай.

Тапсырма № 2

Түсіндіре отырып есепте.

58+31 89-65 32+42

˄ ˄ ˄ ˄ ˄ ˄

41+36 85-51 75-32

˄ ˄ ˄ ˄ ˄ ˄

2 тапсырма дұрыс талданса 2 ұпай.

Тапсырма № 3

Теңдеулерді шеш:

25+х = 30+45 90-у=45+15



3 тапсырма дұрыс талданса 3ұпай.

Тапсырма № 4

Есепті шығар:

а) Қорада 45 ақ қой, олардан 13-ке кем қара қой бар. Қорада неше қара қой бар?

ә) Екі амалмен орындлатындай есептің сұрағын өзгерт. Есепті шығар.

4 тапсырма дұрыс талданса 5 ұпай.

Өз-өзіңді бағала ұпай санын санап, ұпай санына сай смайликті белгіле. [pic]

Жарайсың!!! (11-10 ұпай). Жақсы!! (7-9 ұпай). Дайындалу керек! (6-3 ұпай).