[pic]
Бастауыш сынып мұғалімі
Турабаева Мереке Жалгасбаевна
Байқоңыр қаласы
№274орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз 8-13-жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөзді таба алуға, әр түрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұжым болып жұмыс жасата отырып ұқыптылыққа, достыққа, бірлікке, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: математика, еңбек, дүниетану.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өз бетінше жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, күн суреті, бағдаршам, суреттер, оқулық, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
ә) Психологиялық дайындық:
Слайд (Сәулесін шашып тұрған күн суреті)
Мұғалім: Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен амандаса біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді.Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады екен.
Оқушылар: Ия, мұғалім, сіздің ойыңызбен келісеміз!
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да!
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да!
Сәлем деймін достарға!
Сәлем барша ұстазға!
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?
Оқушылар:
- Біз көңілдіміз!
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?
Оқушылар:
- Біз батылмыз!
Мұғалім:
- Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар:
- Керемет қылып!
Мұғалім: Мына алдарыңда тұрған күн шапағатын сендерге аямай шашады. Сабақтың басынан аяғына дейін белсене араласқан, дұрыс жауап берген оқушылар осы күн шапағатынан бір-бірлеп алып жинап отырады. Күн шапағаты арқылы бағаланады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) 6 – жаттығу. (95-бет) Күрделі сөздерді қатыстырып, өзіміз тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жазу.
ә) Үй тапсырмасын бекіту
Слайд Тест тапсырмалары
1. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді не дейміз?
а) дара сөз
ә) күрделі сөз
б) сөз тіркесі
2. Күрделі сөздер не арқылы жасалады?
а) түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы
ә) сөйлемнің дара мүшелері арқылы
б) сөз тіркестері арқылы
3. Күрделі сөз неше сұраққа жауап береді?
а) бір
ә) екі
б) сұраққа жауап бермейді
4. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзді тап:
а) өркеш-өркеш
ә) қызыл ала
б) қараторғай
5. Күрделі сөзді анықта:
а) достық
ә) ата-ана
б) мектеп
(Бағдаршам арқылы көрсету. а) – жасыл түс, ә) – сары түс, б) – қызыл түс)
ІІІ. Жаңа сабақ
(Слайд)
«Ой ашар» сыныптағы балалардың фотосуреттері арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу (аттары біріккен сөзден келетін баланың суретін іліп қоямын).
1. Балалар суреті.
2. Ситуациялық сұрақтар.
- Мен неге бұл балалардың суретін ілдім? (Осы кезде әр бала өз ойларын ашық айтып көз жеткізуге тырысады)
3. Балалардың есімдері
Айберген Айсұлу Нұрай
Ұлдана Исламбек
(Оқушылар өздері ереже шығарады)
Мағынаны тану.
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы – Біріккен сөздер.
Слайд Біріккен сөздер (ненің атаулары?)
Адам аттары
Біржан, Айжан, Нұрбол,Жандос, Ұлмекен
Жер – су аттары
Баянауыл, Қандықұдық, Тарбағатай, Сырдария, Ертіс
Өсімдік аттары
Жолжелкен, түйежапырақ, алабота, итмұрын, бәйшешек
Аң – құс аттары
Жолбарыс, қосаяқ, егеуқұйрық, көкқұтан, бірқазан
Ойын аттары
Алтыбақан, ақсүйек, ханталапай, көкпар, тоғызқұмалақ
Дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу
Терме диктант
Тапсырма: Өлең ішіндегі біріккен сөздерді теріп жазу.
«Өтірік өлең»
Сужыланға емделген,
Тасбақаны қарсы алдым.
Итмұрынға жемделген,
Таскенеге ер салдым.
(Сужылан, тасбақа, итмұрын, таскене)
8 – жаттығу. Топтық жұмыс.
Ойын: «Гүл шоғын құрастыру»
Шарты: әр топ оқушылары қағаз қиындыларынан гүл шоғын құрастырып, біріккен сөздерді сөз құрамына талдап, әр сөз неше түбірден құралғанын анықтайды.
9 – жаттығу.
Әр сөздің түбірін ажыратып жазу, неше түбір бар екенін анықтау.
Ақ+қу, бұзау+бас, Ақ+марал, шаң+сорғыш, бал+мұз+дақ, егеу+құйрық, Жеті+қарақшы, шек+ара.
Сөздік жұмыс
Бұзаубас - басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын, тісі бар, сары қоңыз.
Егеуқұйрық – ауылшаруашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын, сұртышқан. (суреттерін көрсету)
Ой қозғау
- Кемпірқосақ дегеніміз не?
- Жылдың қай мезгілінде және қай уақытта пайда болады?
- Жылдың қай мезгілінде жаңбыр көп жауады?
Слайд
10 – жаттығу.
«Кемпірқосақ» өлеңін оқып жатқа жазу, біріккен сөздердің астын сызу.
(Жұптық жұмыс. Бір-бірін тексеріп бағалау)
Сергіту сәті
Жұмбақ шешу
Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді.
(Тасбақа)
Сақталар терген олжасы,
Алқымында бар дорбасы.
(Бірқазан)
(олжасы – тапқан пайдасы, алқымында – тамағында)
Бірінші түбір сөз - түс,
Екінші түбір сөз – құс.
Екі түбір сөзді қоссаң,
Шығады тағы құс.
(Қараторғай)
Бақырашқа ұқсайтын жұлдыз (Жетіқарақшы)
Қысқаштың түрі (Кемпірауыз)
Тез жүгіретін аң (Ақбөкен)
Топтық жұмыс
І топ
12 – жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жазу.
Аңдар: .., ...
Құстар: .., ...
Өсімдіктер: .., ...
Жер-су аттары: .., ...
ІІ топ
13- жаттығу.
Суретке қарап «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына біріккен сөз болып келетін аң-құстарды қатыстырып, әңгіме құрап жазу.
ІІІ топ
14 – жаттығу.
«Ақтөбе» сөзінен баспалдақ жасай отырып сөзжұмбақ құрастыру.
Ойын: «Қар лақтыру»
(Оқушылар бір-біріне қарды лақтыра отырып біріккен сөздерді айтады)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Ойын: «Сиқырлы фигура»
Слайд (Геометриялық фигуралардың суреті, сыртына сұрақтар жазылады)
1. Алтыбұрыш - Біріккен сөз дегеніміз не?
2. Тіктөртбұрыш - Біріккен сөздер қалай жасалады?
3. Үшбұрыш - Өзіңнің күшігіңе біріккен сөз болатын қандай ат қояр едің?
4. Бесбұрыш – Біріккен сөз неше сұраққа жауап береді?
5. Төртбұрыш – Біріккен сөз ненің атауы?
V. Бағалау
1. Оқушыларды жинаған күн шапағаты арқылы бағалау.
2. Мұғалімнің бағалауы.
VІ. Үйге тапсырма:
Күнделікті ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық,
Біріккен сөзден алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық!
11 – жаттығу
Берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу. Кестені пайдаланып, бұл сөздердің біріккен сөз екенін дәлелдеу.
Топтық тапсырма
І топ Байқоңыр
ІІ топ Айберген
ІІІ топ Көкшетау
Шарты: Біріккен сөздерді қатыстырып, бес жолды өлең құрастыру.
Кері байланыс
Егер, сабақ түсінікті болса, ұнаса, стикерді көңілді күнге, ұнамаса көңілсіз күнге жапсырасыңд