Адам тіршілігінің бәрін табиғаттан алады Дүниетану 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


2 сынып

Сынып жетекшісі:

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігінің бәрін табиғаттан алады


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды өздерін табиғаттың және қоғамның бір бөлігі екенін сезінуге үйрету.Адамның табиғаттан не алатынын түсіндіру.Жер бетінде адамдар әртүрлі және оларға тірішілікке қатысты заттың бәрінің ортақ екенін түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлауын,бақылауын дамыту.


Тәрбиелік:Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

«Өзім туралы бір ауыз сөз» тіл дамыту жаттығуы. Мысалы: «Мен адаммын. Шашым қара, ұзын, көзім қой көзді, бойым орташа, тәттіні жаксы көремін».

«Мен анама тарқанмын. Менім шашым анамдікіндей қара, арықпын, жануарларды жақсы көремін».

  • Біз өзіміз туралы айттық. Жер бетінде өсімдік, жануарлар әлемі бар. Ал жалпы тіршілік атаулының ішіндегі саналысы – адам.


Жаңа материалдармен жұмыс.

Оқушыларға қойылатын тірек сұрақтары арқылы әңгіме жүргізіледі.

1. Адам туралы айтыңдар. Оның қандай жақсы және қандай жаман қасиеттері бар?

2. Адам қоршаған әлемге қалай қарайды?

3. Адам өсімдіксіз және жануарларсыз өмір сүре алмайды?

Әңгімеден соң оқушылар мұғлімнің басшылығымен «Адам. Өсімдіктер. Жануарлар» деген сызбаны толықтырады.

Осыдан кейін оқушылар «Адам - табиғаттың бір бөлігі» деген түсініктерін қорытындылайды.

  • Адам ауамен тыныс алады, тамақтанады, өседі, ақыл- ойы дамиды, ұрпақ қалдырады. Сондықтан адамға да ауа, жарық, жылу, қорек қажет. Енді адам жануарлардан несімен ерекшеленетіні жөнінде айтайық (адам ойлайды, сөйлейді, еңбек етеді).

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді мұғалім оқиды, сонан соң оқушылар оқиды.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Адамға қол, аяқ, бас не үшін керек?

  • Олар қандай қызмет атқарады?


3. Адам мен жануарды салыстыру. «Венн»диаграммасын» толтыру.


«Венн»диаграммасы»

[pic]

4. Қорытынды жасау.

Адам – ақылды. Ол табиғатты зерттеп, оны қорғайды. Жер бетінде болып жатқан өзгеріс жаңалықтардың бәріне жауап береді.

5. «Білімпаздар үшін» рубрикасы.

Біз өзімізге қажеттінің бәрін Жерден аламыз. Бағбан жеміс ағашын өсірсе, егінші егіншілікпен айналысады. Жеміс- жидек, дәнді дақыл, көкөністер –азық . Адамдар сонымен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Қазақ халқы үй жануарларын төрт түлік мал деп атайды. Оларға түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт түлік малдың ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы мол.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

1. Ұжымдық жұмыс. Ережелер құрастырып, дәптерлеріне жазады.

2.өзіндік жұмыс.

Сабақтың қорытындылау.

  • Адам ақылды болғандықтан, ол қоршаған әлемде өзөін қалайұстау қажет?

Үйге тапсырма беру.

Адамның табиғатта өзін ұстауы туралы ереже құрастыр.