Шешендік өнер Нақыл сөздер 3 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Сыныбы:

3 сынып

Күні:

Пәні:

Шешендік өнер

Тақырыбы:

Нақыл сөздер

Сағаты:

1


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға нақыл сөздер туралы түсіндіру. Нақыл сөздер

ден көптеген үлгі-өнеге алу керек екенін ұғындыру.


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жаңа тәсілдер, Диалогтық оқыту.Топтық, жеке жұмыс (постер құрау)

түрткі болу, қайта бағыттау сұрақтары.

.

Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, ноутбук, маркер,қосымша мәліметтер,

Үлестірмелі қағаздар,бағалау парақтары

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Қолданылатын модульдер:

СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, өзін-өзі бағалау.

Пән аралық байланыс:

Әдебиет

Сабақтың барысы :


Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

«Асыл мұралар жаттығуы арқылы сыныпты топқа бөліп аламын.

Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттардыберілген сөйлемдерді белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады.
Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай
сөйлемдерді топтай білу керектігін көрсететін таблица және оған қажетті заттардың аттары жазылған жеке сөздік карточкалары жасап қоюға да болады.

1-топ –Жұмбақтар

2-топ- мақал-мәтелдер

3-топ- жаңылтпаштар

І Үй тапсырмасы

7 мин

Үйге берілген ырым-тыйымдарды оқушыларды айтады мағынасын талдайды

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

«Өмірдің мәні» бейнебаянын көрсету.

Бейнебаяннан көрген нәрселері арқылы не ұққандарын сұрау.


Жаңа сабақ

5 мин

-Нақыл сөздер дегеніміз не?

-Нақыл сөз дегеніміз – ақыл сөз.

-Дұрыс,нақыл сөздерді ақылды би, шешендер айтқан.

Кәне, қандай би, шешендерді білеміз?

-Төле би, Әйтеке би, Майқы би, Бәйдібек шешен, Қаз дауысты Қазыбек шешен.

-Балалар, осы би-шешендеріміздің сөздерін еске түсірейікші.


Сергіту жаттығуы

3 мин

Музыкалық қимылды сергіту жаттығуын орындату


Топтық жұмыс

12 мин

Үш топқа шешен-билердің сөздерін беремін.

Постерге осы сөздерден не ұқты, қандай мән-мағынасы бар сол туралы жазады.

-Малды жақсы баққаның-

Өзіңе абырой тапқаның.

Малды жаман баққаның-

Келген бақты қаққаның.

Сиырда аунамақ жоқ,

Жылқыда күйсемек жоқ.

Таста тамыр жоқ,

Суда қаймақ жоқ.

(Бәйдібек шешен)

-Жаңбыр жаумаса –жер жетім,

Басшы болмаса- ел жетім.

Ұқпасқа айтқан-сөз жетім,

Көре алмаса- көз жетім.

Төле би.

-Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан құңқар туады.

Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады.

Майқы би.



Кері байланыс

4 мин

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Нақыл сөздерден қандай ой түйдіңдер?


Өзін-өзі бағалау

3мин

Смайликтер арқылы кері байланыс алу.

Оқушылар өздерін өздері бағалайды.


Үйге тапсырма

2 мин

Нақыл сөздер