Күні _________
Пәні: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Бәрінен де жақсы.Мәтін.
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік : Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру;,
2.дамытушылық: оқушыларға түрлі тапсырма беру арқылы, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту;
3.тәрбиелік: қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі (типі): білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру
Сабақтың ұйымдастыру түрі: әңгімелесу,сұрақ-жауап
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі : жеке суреттер,дидактикалық материалдар,
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.
ә) Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
- Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерінің қабылдау деңгейін анықтау;
(«Сәлем берем үлкенге» мәнерлеп оқыту;)
Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты бекіту.
Әдептілік дегеніміз не?
Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
Атамен қалай амандасасыңдар?
Әжемен ше?
Құрдастарыңмен қалай амандасып жүрсіңдер?
Оқушылардың жіберген кемшіліктерін жою.
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы бастау:
-
А
н
а
1) Дүниедегі ең қымбат жан? (Ана)
2) Анаңның інісі саған кім болады? (нағашы)
3) Жеті ....... білген ұл ,жеті жұрттың қамын жер.
б) Оқулықпен жұмыс
119-жаттығу Ы.Алтынсаринның «Бәрінен де жақсы» әңгімесі)
1 Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту.
3. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады:
- Мәтін не туралы айтылған айтылған?
- Кішкене қыз анасы туралы не айтты?
- Ана туралы қандай өлең , тақпақтар білесіңдер?
4.Сөздік жұмыс
Топты адам-көп адам
жұбатып – жылағанын басу
в) Дәптермен жұмыс
120-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып,көшіріп жазу.
ғ) Сергіту сәті :
ІV Біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Шығармашылық тапсырма:
1. «Ана» тақырыбына сөйлем құрау.
V . Үй тапсырмасы туралы мәлімет алу кезеңі.
1. Өлеңді түсініп мәнерлеп оқу.
VІІ Жаңа білімді және іс-әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі
VІІІ Сабақты қорытындылау
VІІ Оқушы білімін бағалау
1.Оқушы білімін және іс-әрекет амалдарын жан-жақты тексеру.
2.Жалпы оқу мүмкіндіктерінің қалыптасуын тексеру.