Мақсаты: Балалардың бойында дәрумендер және оның пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Дұрыс тамақтану және оның баланың дамып өсуіндегі маңызы туралы мағлұмат беру.
Балалардың ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын дамыту.
Көрнекілігі: Дәрумендер жазылған маңдайшалар, жеміс-жидек, көкөністер бейнеленген суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Сахналық көрініс,сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Барысы
Жүргізуші: Сіздерге мектепалды даярлық тобының балалары Дәрумен,оның түрлеріжәне пайдасы, қандай тағамда кездесетіні туралы айтып береді.
1-бала:
Бірдей емес жұрт барлық,
Бірі толық, бірі арық.
Байланысты ол асқа,
Қоректенер тағамға.
2-бала:
Алуан түрлі азық бар,
Ет, май, сүт,пен балықтар
Көкөністер, жемістер,
Дәрумендер, жидектер.
3-бала:
Дәрумендер тізбегін,
А,В,С;Д,Е-деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
4-бала: А-сы қажет көзіңе,
5-бала: В-жүйкені түзетер,
6-бала: С-дан микроб безінер,
7-бала: Д-сүйекті нығайтар.
8-бала: Е-жүректі күшейтер.
9-бала:
А-болады асқабақ,
Өрік,қызан,сәбізде.
10-бала:
В-балық, картоп,асбұршақ,
Сиыр еті, жаңғақта.
11-бала:
Қарақат пен алмұртқа
Лимонға тән танылар.
12-бала:
Сүт пенен қаймақта.
13-бала:
Жұмыртқа мен жүгеріден табылар.
14-бала:
Өрік,алма,шие, алша
Жидек,жүзім піседі.
Қауын,қарбыз,қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
15-бала:
Айран мен сүт шіркін-ай!
Баяғыдан беделді.
Қымыз иісі бұрқырап,
Қыздырады денені.
16-бала:
Соның бәрін жесең сен,
Ауырмайсың ешқашан.
Сабақтан да қалмайсың,
Жалқаулыққа бармайсың
1-rөрініс:
Анасы дүкеннен үйіне оралады.Үйге келіп қызын шақырады. Оған алма әкелгенін айтады. Қызы алманы жейін деп жатқанда
Балалар
Алма,алма дейсің ,
Алма әкелсем жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.-деп барлығы бірге айтады.
Қызы Жарайды, түсіндім, енді тек жуып жеймін.Балалар, сендер де алманы жумай жемеңдер.
2-көрініс:
Бір бала қолында қытырлақ картобы бар,соны жеп келе жатады. Балаларға ұсынады.
Балалар Чипсы, кола зиянды,
Одан да же қиярды.
Ой менен бой өсірер,
Сәбізді же пайдалы.
Бір қолындағы қиярды, екінші қолындағы сәбізді көрсетеді.
Жүргізуші: Балалар, сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?
1.Сәбізде қандай дәрумен бар?
2.Лимонда қандай дәрумен бар? С
3.Алмада қандай дәрумен бар? В
4. Апельсинде қандай дәрумен бар? С
5.Сүтте қандай дәрумен бар? Д
Жүргізуші: Барлық жеміс-жидектер, көкөністер күзде піседі. Күз береке айы. «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.