Бекітемін:
Күні:30.11.2015
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Ф дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын оның түрлерін ажырата білуге үйрету
2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.
3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Ф ф әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, Оқыту әдісі: түсіндіру ,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
. Психологиялық дайындық:
ІI. Өткенді пысықтау.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-В дыбысымен таныстық.
-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс)
-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?
-В дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)
Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.
Мәтінді оқу.
Сұрақ-жауап:
-Бұл- қандай вокзал бар?
-Онда нелер үздіксіз келіп,кетіп жатады ?
-Біз қай жерде тұрамыз?
-Вокзалға кімді күтіп алу үшін бардық?
-Пойыз нешінші жолға тоқтады?
-Ол кімді қарсы алды?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Футбол
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында,
Доп теппеңдер қуалап.
-Құрамында жаңа әрпі бар сөздерді тауып айту.
-«футбол» деген сөзде қандай дыбыс таныс?
-у, т,б,о,л.
-Таныс емес, қандай дыбыс? Ф.
-Қанекей, айтып көрелік, ф.
-ф қандай дыбыс?
-Неге? Дәлелде.
- ф әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі – Ф ф.
-ф дыбысы бар сөздер ойлау.
1. Оқулықпен жұмыс.
Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.
фер ма фо то те ле фон фут бол
фир ма факс те ле граф әл-Фараби
«Футбол», «әл-Фараби» өлеңдерімен жұмыс .
-Мәнерлеп оқу.
Іштей оқу.
Хормен оқу.
Сергіту сәті.
2.Дәптермен жұмыс.
Ф ф әрпінің элементтерін жазу.
3.Дыбыстық талдау.
ферма- фер-ма,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.
Сергіту сәті:
ІҮ.Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?
-ф қандай дыбыс?
-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Ү.Бағалау. Мадақтау.