Сабақ жоспары Пән аты: Өнеге сағаты Сыныбы: Ұзартылған күн тобы Күні, айы, жылы:14.12.2015 жыл Тоқсан: ІІ тоқсан Мұғалімі: Бердалина Күнзира Сабақтың тақырыбы:Әдемі гүлдер. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Балаларға гүлдер және олардың түрлері туралы түсінік беру.Гүлдердің өсу жолын көрсетіп түсіндіру.
Дамытушылық:Балалардың шығармашалық қабілеттерін арттыру эстетикалық сезімдерін,сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Табиғатты аялауға,гүлдерді аялай қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиеилеу.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі. Сабақтың типі:Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі:Әдемі гүлдердің суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:Амандасу,түгелдеу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері. Балалар,бәріміз қолымыздан ұстасып,алақанымыздың жылуын бір-біріне беріп амандасады.Мен қолымдағы гүлді айналамда тұрған балаларға ұсынамын.Сендер гүлді кезек-кезек бір-біріңе ұсынып,жылы сөздер айтыптілек білдіріңдер.
Балалар бір-біріңе:-Деніміз сау болсын!Әрқашан күн сөнбесін!Бақытты бол!Сабақты жақсы оқы,-деген тілектер айтып,гүлді бір-біріне ұсынады.
Жаңа сабақ.
Мұғалім балаларға жұмбақ жасырады. Жұпар иісі еседі, Жайнап бақта өседі.(гүл)
Мұғалім балалар біздер ертегі еліне келген сияқтымыз.Осы мезгілде ортаға Орман перизаты келеді.Саламатсыздарма балалар.Мен осы орманда тұрамын.Мен Орман перизаты боламын.Менің патшалығымда көптеген құстар,теректер,әдемі гүлдер өмір сүреді.Оларды әрқашан мен қорғап жүремін.Менің патшалығыма қонаққа келген екенсіздер,ендеше төрлетіңіздер.
Балалар:Орман перизаты,сіздің патшалығыңда керемет ғажап алаңды көруге бола ма? Орман перизаты:Өте жақсы.Ал енді бір сәтке көздеріңізді жұмыңыздар.Бір,екі,үш дегенде ашыңыздар. -Балалар,қараңдаршы алаң қандай керемет,әдемі гүлдер көп екен. Ойын:Гүл құрастыру.Балалар топқа бөлініп,төрт гүлді құрайды.Гүлдер жайқалып өсу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?Жаңбырдың суы,күннің нұры,су қажет.
Сергіту сәті.
Күн болып жанайық, Мөлдір су боп ағайық. Гүл болып жайнайық, Терең,терең дем алып.
Сөз ойла тез ойла ойыны:Допты лақтыра отырып Г дыбысына қатысты сөздер айтқызу. Орман перизаты:Балалар,айтыңдаршы гүлдерді тектен-тек жұлуға болама? -Жоқ болмайды. Балалар гүлді еш себепсіз жұлмаңдар,табиғатты қорғаңыздар.Балалар,сыныпқа қайта оралады.Балалар,күн туралы тақпақтақты қимылмен көрсетеді.
Біз гүлдерше өсеміз(қолды жоғары көтереді) Жапырағы жайқалған(тербеледі) Сабақтары салалы(қолды жандарына жіберу) Жерге ырғалып шайқалған(жоғары көтеріп,қолды сермейді)
Қорытынды:Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?Гүлдердің ерекшелігін білдік? Үйге тапсырма.Гүлдердің суретін салу.Гүл туралы мәтін жазу.