Сабақтың тақырыбы:7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік :Оқушыларды 7 санын қоу және азайту тәсілдерімен таныстыра отырып ,оқушылардың шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыру .Киелі 7 санының ұғымына түсінік беру.
2.Дамытушылық:Белгісіз компоненттерді табу ережелерін пысықтау.Логикалық талқылаулар жүргізуге оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелілік:Мақсатына жете ұмтылдыру ,ұқыптылыққа,тапқырлыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың көрнекілігі:сандар қатары,кестелер,үлестірмелі қағаздар,ойындар.
Сабақтың түрі:Жаңа материалды меңгерту.
Типі:жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ - жауап,түсіндіру ,ауызша есептеу.
Пәнаралық байланыс:ана тілі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологялық дайындық
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді
Болып кетер санды дереу жан-жағым
-Міне жүрегімізді осындай жылуымен сабағымызды бастаймыз.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
4-мысалды шығар
4+2+3= 5+4+1= 10+0-7=
7-5+1= 9-6-2= 4-3+8=
III.Өткен сабақты пысықтау
1.Сұрақтарға жауап алу
2.2,3,4,5,6 сандарының қосу және азайту кестсін пысықтау
3."Кел ойнайық" ойыны
IV.Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру
А) "Жұмбақ өлең шешейік".
Бір аптаны бөлгенде ,
Жеті күн бар бөлгенде
Жеті зат бар сөмкеңде ,
Қарындаш,пенал, оқулық,
Өшіргіш берер тазалық
Қаламсап керек жазуға .
Үйретер бізді әріпке,
Бәрін қайта атап шық.
Саусақ бүгіп санап шық.
(Жеті)
-Жұмбақ өлеңнің шешуінде қандай сан кездеседі? (7)
V.Жаңа сабақ
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "7 санын қосу және азайту"
-Мақсатымен таныстырамын
-7-ті қандай сан?
-7 саны туралы не білеміз ?
Аптада 7 күн бар- дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі
Жеті қазына :1.Ер жігіт 4.Жүйрік ат 7.Берен мылтық
2.Сұлу әйел 5.Қыран бүркіт
3.Ілім -білім 6.Ұшқыр тазы
Жеті ата:1.Әке 4.Шөбере 7.Туажат
2.Бала 5.Шөпшек
3.Немере 6.Немене
Жарайсыңдар балалар ,олай болса мына кестеге назар аударайық.
1) ...(8) 1-ден 8 санын қалай шығарып аламыз,1+7
2)...(9) 2-ден 9 санын қалай шығарып алар едің ?2+7
3) ...(10) 3-тен 10-ды қалай шығарып алар едіңдер?3+7
Оқулықпен, тақтамен жұмыс
№1
1+7=
2+7=
3+7=
Бұл өрнектерге қарап не айтуға болады?
2-ші қосылғыштары бірдей сандар.
10-7=
9-7=
8-7=
Cәйкес айырмалар азайтқыштары бірдей сандар.
Қосу және азайту өзара кері амал
№2
Берілгені бойынша кесінділерді салыстыру
Кесінділердің ұзындығын салыстыр.
□ см □ см
9см -7см * 7см +3см
Сергіту сәті:
Жеті өлшеп бір рет кес,
Дана сөзі халқымның
Сабағымда төрт пен бес.
Қосуға мен данамыз
№3. Есеп құрастыру және шығару.
Үлкен қисық-10 ? артық
Кіші қисық-7
- Заттың артық не кем екенін анықтау үшін қандай амал орындалады?
№4 .Азайғыштар мен азайтқыштарды салыстырып,азайтқышы 9 болатын айырма жазу.Айырмалардың мәнін салыстыру.
9.
Шығармашылық тапсырма: 10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?
Шешуі: 0 0 0 0
0
0
0 0 0 0
VI.Жаңа сабақты бекіту
6-мысал
"Алысқа сапар шегу"ойыны
0 [pic]
VII.Сабақты қорытындылау
-Бүгінгі сабақта нені білдік?
VIII.Үйге тапсырма .№5
IX.Бағалау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.