Мен Қазақстанның патриотымын сабағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мен Қазақстанның патриотымын тәрбие сағаты

 

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепің бастауыш сынып мұғалімі Саденова Меруерт Айдарқызы
Т
әрбие сағатының тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын!
Ма
қсаты: 
1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    О
қушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    О
қушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
К
өрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы: 
1.    
Ұйымдастыру.

•    Аспаны ашық еліміздің
К
өркі сұлу жеріміздің
Біз-ба
қытты баламыз! 
А
қпыз,қара, сарымыз, 
А
ғайынбыз бәріміз! 
2.    М
ұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан –
әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
  Отан деген не, кім
қалай түсінеді?
                     К
өп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оны
ң тұлға түс кейпін,
     
               Достым білгің келе ме? 
Байназар:   Отан дейміз от жа
ққан жерімізді,
                    Отан дейміз
өсірген елімізді.
                    Отан дейміз ту
ған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, то
ғай көлімізді.
А
ңсар:      Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 Жасыл жайлау, жа
ңа жол, жас қаланы.
                  Отанны
ң шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол біра
қ өз үйіңнен басталады.
Аяг
өз:        Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жаса
ған елің, өз- халқың.
                   Отан –
өлең, Отан-жыр,
                   К
өтерген көкке ел даңқын.
Әділхан:    Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досы
ң, бауырың,
                    Отан –
өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан,
ауылың.
Хыдырали: Отан – осы достарым,
                     К
өңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» деп
өс жас қауым,
                     Оны арда
қтап сүйе біл!
Хор: «Отан»
-Бізді
ң Отанымыз қалай аталады?
-
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-
Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болды
қ ерік алдық астаналы
               Енді кімнен
қазағым жасқанады?
               Т
әуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Н
ұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана- Отанымызды
ң бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Базарбек: Ту
ған өлкем
 
Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
-
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-
Қазақстан Республикасының президенті кім?
           
   Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен
қазағым жасқанады?
               Т
әуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Н
ұрсұлтанның атымен басталады.
Аумалы- т
өкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
К
өрініс: «Үш арыстың үлгілері»
М
емлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Арда
қ: «Туған тілім»
Би: «
Қамажай»
Сондай-а
қ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы
ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында ш
ұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
хал
қымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Н
ұрислам:    Көк аспандай көкпеңбек,
                       
Қазақстан жалауы.
         
             Көк емес ол тектен-тек,
                       Елді
ң ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншыл
ған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Айн
ұр:            Елтаңбасы елімнің,
                         Неткен
әйбәт, әдемі
                        Т
ұнығындай көңілдің
                         Ортада аспан
әлемі.
Кез-келген мемлекетті
к рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Ернар:             Оттай жанып жанары
ң
                        Одан
қуат аламын
     
                  Әнұран ол - тынысы
                        Ке
ң жазира даламның.

Отан туралы өлең-жырлар.
Айн
ұр: «Үш бақытым»
Ерс
ұлтан: «Отан»
Мархабат: «Отан туралы»
М
ұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
-    Білімді,
өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
-    Д
ұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
«Жал
ғасын тап» ойынын ойнайық.
Саба
ғымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
О
қушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды
қорғайтын 
Л- ла
ңкестікті даттайтын 
А- адалды
қты жақтайтын 
Ш- шуа
ғымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтыма
қты тең көрген 
М- менмендікті жек к
өрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- за
ңды жақсы білетін 
А- ал
ға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімні
ң 
Т- толы
қтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н
- намысын қолдан бермейтін 
Б
әрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болаша
ғы елімнің
Ән «Көк тудың желбірегені».

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         
Өткеніңді еске алсаң
                         
Өскеніңнің белгісі. 
                         
Өткеніңді ұмытсаң
                         
Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сонды
қтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары