Республика: Казахстан
Кзылординская область
Жанакорганский район
Село: Тугискен
Иманбекова Жанат Ильясовна
Учительница начальных классов. Сш №256 село «Тугискен»
Пәні: Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: « Қыс туралы өлең .»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың жыл мезгілдері туралы алған түсініктерін одан әрі тереңдету.Жыл мезгілдерін бір-бірінен ажырата білуге баулу.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер .
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап - таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға
ІІ. Өткен сабақты қайталау
«Ой толғау» Өткен сабақты есімізге түсірейік.
-Қыс
Сұрақтар:
1.Бір жылда неше ай бар?
2.Бір жылда неше мезгіл бар?
3.Қазір қай мезгіл?
4.Қыста қандай өзгерістер болады?
5.Қыс мезгілі балаларға несімен ұнайды?
6.Қыста қандай мерекелер болады?
7.Қыс мезгілінің айларын ата?
ІІІ. Жаңа сабақ
.Үш топқа бөліп тапсырма беру.
1-топ: «Желтоқсан».
2-топ: «Қаңтар».
3-топ: «Ақпан»
Ойын кезеңдері:
1.Ұран.
1.Қыс келді алақай,
Ақ күміс қар жауады.
Ағаштар,бұталар,
Ақ қарға оранды.
2.Ақ түсті бояуы,
Дауылы,бораны
Айналаны орайды,
Ақ түс болып даланы.
3.Ұшан-теңіз қалың қар,
Жерді жауып болады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
2.Қыс туралы тақпақтар.
3.Дыбыстық талдау жасау.
Қар.жауын,бұршақ
ІҮ. Сергіту сәтін жасау.
4.Жұмбақ шешу.
1.Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады.
Жазда сайға қашады. (қар)
2.Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)
3.Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Жүретұғын жолы жоқ.
Мінезі де жеңілтек,
Тіл алмайтын бір тентек. ( жел)
Хормен қыс туралы ән үйрету.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау.
1.Бүгін сабақта не туралы өттік?
2.Сабақ ұнады ма?
3.Несімен ұнады?
4.Өлеңнен қандай әсер алдыңдар? Табиғат құбылыстарын
мезгілдерді айларын
еңбектерді
ойын түрлерін
Үйге тапсырма: Қыс туралы әңгіме құрау,өлең жаттау.