Сабақ жоспар Еліктеу сөз ( 4 - сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі

Уақыты: 27 .04.2016

Сыныбы: 4 « Б »

Реті:

Сабақтың атауы

Еліктеу сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Білімділік: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру; 
Тәрбиелік: Тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойландыру, оқушы әрекетін ұйымдастыру, ізденушілік қабілетін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырамасы 5 – жаттығуды орындау

10 мин тест

Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ.
а) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?
ә) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Ой қозғау: Еліктеу сөз туралы не білеміз?
Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол - таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс - әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс - әректтерді орындаушымыз.
Оқушылардың назарын аудара отырып,"Дыбыстық еліктеуіш" сөздерді ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсетіледі.
Сіріңке жағып, стакандағы суға батырамын.
Сұрақ:
- От қайтып сөнді?
- От быж етіп сөнді.
- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?
- Құлағымызбен естідік
2. Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.
- Сағат қалай жүріп тұр?
- Сағат тық - тық етіп жүріп тұр.
3. Барабан соғу.
- Барабан қайтті?
- Барабан дүңк - дүңк етті.
Сұрақ:
а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріне байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?
ә) Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадық?
(Оқушылар өз бетімен "Дыбыстық еліктеуіш"сөздердің ережесін шығарып, оқулықпен салыстырады)
Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
1. Оқушының атын атап өзіме қарату.
- Диас қалай қарады?
Диас жалт қарады.
2. Шам жағып сөндіру.
- Шам қайтті?
Шам жарқ ете қалды.
3. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау.
- Мұғалім қалай тоқтады?
Мұғалім кілт тоқтады.
Сендер біраз нәрсе көрдіңдер.
Осыдан не ұқтыңдар?
(Ереже шығарып, оқулықпен салыстыру) Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

1 – жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тап.

  1. Жылт – жылт еткен

Жырадан өткен. (Су – вода, water)

  1. Шыр – шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді. (Телефон – телефон, telephone)

2 – жаттығу. «Артық сөзді тап» ойыны.

  1. Кітап, дәптер, сызғыш, балпаң – балпаң.

  2. Жазады, желп – желп, басады, өлшейді.

  3. Мен, өзі, саған, борт, ешкім.

3 – жаттығу. Еліктеу сөздерді түрлеріне қарай себеттерге салу.



4 – жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.Еліктеу сөздерді тауып, түріне ажырату.

Шаңқ – шаңқ етіп шағала,

Шабақ ілер жағада.

5 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөйлемдерді еліктеу сөздері бар сөйлемдерге айналдырып жазу.

Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді. Жарты аспанды бүркеп қалды. Күн күркіреді. Құйын соғып өтті. Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран – асыр үйіліп кетті.

Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді. Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жауын ағыл – тегіл құйып кетті.



Алай – түлей құйын соғып өтті. Алғашқы ауыр тамшылар да тырс – тырс сіркіреді. Найзағай жарқ – жарқ жарқылдап, күн күркіреді.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.





Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс


Шығармашылық тапсырма
1 – қатар

Еліктеуіш сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңдар.
2 – қатар

Бейнелеуіш сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңдар.
3 - қатар

Бос орынға еліктеу сөздерді қой.
............ жаңбыр жауды.
Күн................ күркіреді
Олар................ күлді.
Уәлихан күліп .................. етеді.
Ай сәулесіне шағылса..............
етеді.
Даладан ........... еткен дауыс естілді.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 6 – жаттығу, 207 бет орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.