Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы : Пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін пысықтау.
Дамытушылығы : тез ойланып, шапшаң есептеуге баулу, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі : ұжымды жұмыс істеуге, жолдастарының пікірін тыңдауға, сонымен қатар өзін де пікір білдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар орындау.
Көрнекілігі : мысалдар, суреттер,
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім :
Қош келдіңдер,балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Бар ма үйден дайындық,
Тапсырмаңыз дұрыс па?
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
ІІ. Өтілген тақырыптарды пысықтау.
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
«Көршісін ата» ойыны.
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан-жаққа
Ойын «Тез есепте»
Нұрбекте 2 алма,
Әминада 2 алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма? ( 4 )
4 алманың 2-ін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? ( 2 )
Алма ағашта 4 алма,
Қандай жақсы жесе алма.
4-інде жеп қойдық,
Қалды сонда неше алма? ( 0 )
Бестен төрті алайық,
Қанша қалды қарайық.
Қарайық та , санайық,
Санайық та , табайық? (1 )
Желмен 2 жапырақ ұшты,
Тағы 2-уі үзіліп түсті.
Үзілді тағы екеуі,
Барлығы ұшты нешеуі? ( 6 )
Бесбайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болады шешуі? ( 7)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? ( Қыс )
Ал жақсы балалар, олай болса біз бүгін қыс мезгілінің қыр-сырын ашайық:
Тақтадағы фигуралардан не құрастыруға болады? / Шырша, аққала /
Бұларды қай мезгілде жасаймыз? / Қыста /
Қыс мезгілі бізге бірнеше тапсырмасын дайындаған екен, оны орындасақ қыс мезгілінің тамаша құпияларын біліп аламыз.
Әр тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға жетондар беріледі.
Жасырын тұрған сөздерді ашамыз.
№1 тапсырма .
Қыс айларын атайық. / ЖЕЛТОҚСАН, ҚАҢТАР, АҚПАН/
Өзіндік жұмысы орындалады дәптерге / 18 бет/
№ 2 тапсырма.
Ұзындықтар, сандар мен өрнектер, өрнектер мен өрнектерді салыстыру.
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қарай қашады.
«Қар» сөзі ашылады
Қар – қыста жауатын ақ түсті тоңазыған атмосфералық жауын-шашын.
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он қарлығаш боп қон.
№ 3 тапсырма./Оқулық/
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі.
«Аяз» сөзі ашылады.
Аяз – қыстың ызғарлы суығы.
№ 3 тапсырма / Дәптердегі/
Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
Ышқынады өзі жоқ,
Ысқырады сөзі жоқ.
«Боран» сөзі ашылады.
Боран – қарды бұрқыратып соғатын қатты жел.
№ 4 тапсырма
Суреттер бойынша теңдіктер құрастыру
4 + 4 = 8 7 – 2 = 5 2 + 4 = 6
Отқа жанбайды, суға батпайды.
«Мұз» сөзі ашылады.
Мұз – аяздан, суықтан қатқан су.
№ 5 тапсырма
1-ші – көк қарындаш 3-ші – сары
2-ші – жасыл 4-ші – қызыл
Қыс болса құрып өрмегін,
Салды небір өрнегін.
«Қырау» сөзі ашылады.
Қырау – тоңазыған дымқыл ауаның жерге , ағашқа қар тәрізді болып ағарып қонған күйі.
Сонымен тақтадағы сөздерге қарайықшы.
Қыстың барлық құпиялары ашылды ма?
Бұларды дүниетану сабағынан не деп атаймыз?
Табиғат құбылыстары.
Бұл табиғат құбылыстары жылдың қай мезгілінде болады?
ІV . Сабақты қорытындылау.
V. Жинақталған жетондар бойынша бірін-бірі бағалайды.