Баяндама «Критериалды бағалау – сапалы оқу кепілі»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ


Қалымбет Мереке Исламбекқызы

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ

«Мектепке дейінгі тәрбие және

бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы

Елбасының «Қазақстан — 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы Әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған ел ретінде бізге кәсіби деңгейі мықты мамандар керектігін айтты. Бұл тұрғыда біз болашағымыздың тізгінін техниканың тілін меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты ұрпақ ұстайды деп отырмыз.

Олай болса – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған  жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру жүйесінде жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптастыру жолында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылы ақпан  айының  17-ші жұлдызында «Критериалды бағалау – сапалы оқу кепілі» тақырыбында облыстық on-line семинар  өткізілді. 


[pic]

Облыстық on-line семинардың мақсаты - білім мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалауды білім беру жүйесіне ендіру. Семинарға институт қызметкерлері және  қалалық, аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып бойынша әдіскерлері, Төлеби, Ордабасы, Созақ, Мақтарал аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларының 28 білім беру ұйымдарының директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинарды институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Ш.Н.Ергешбаева ашып, семинардың мақсат- міндеттерімен таныстырып өтті.

Семинарда «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы  М.И.Қалымбет «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»,   кафедраның аға оқытушысы Н.К.Садирмекова  «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында білім беру жүйесінде жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны, критериалды бағалаудың түрлері, бағалау жүйесінің тиімділігі, ерекшелігі, бағалау критерийі, дескриптор, тапсырмалардағы

өзгерістер мен жаңалықтар талқыланды.

[pic]

Семинардың практикалық бөлімінде «Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі» тақырыбында Шымкент қаласы, №65 Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері Н.А.Алимтаева,  Г.М.Рустембековалар  өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушылар өткізілген іс-тәжірибе жұмысы қызықтырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ынтымақтастық ниеттерін білдірді.


[pic]


Семинар қорытындысында қатысушылар бағалау критерийлері мен дескрипторлар аясында пікір алмасып, қызу талқылауға қатысты.