Урок по казахскому языку на тему Баяндауыш (3 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Баяндауыш 3-сынып


Мақсаты: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшесі баяндауыш туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

Түрі: бекіту

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: слайд,«Болашақ баспалдағы», ту, жұлдызшалар, сызбалар.


Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.


II. Үй тапсырмасын сұрау:

38 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Көп нүкте орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазу.

- Бұлт қайтті?

- Бұлт ыдырап тарады.

- Жел қайтті?

- Жел қуып барады.

- Күн қайтті?

- Күн күлімдеп қарады.


III. Жаңа сабақ:

а) мақсат қою;

ә) тақырыпты хабарлау.

Бүгінгі сабақта біз сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш және баяндауышқа байланысты білімдерімізді жалғастырамыз.

- Қазір қай ай?

- Желтоқсан.

- Желтоқсан айларындағы мерекелі күндерді атаңдаршы.

- 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап кеттік. Желтоқсанның 16 - сы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын тойлаймыз.

Әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде болашаққа қадам басқан біздің еліміз дамыған, білімді ел болуы керек. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, «Білім шыңына» туымызды тігуіміз керек. Сонда біз өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосамыз.

- Бұл баспалдақпен көтерілу үшін әр баспалдақтың тапсырмаларын бірлесе отырып, орындауымыз керек.


1 - басқыш: Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді -, деп аталады. «Қына» - шөп, таулы - тасты жерде өседі, ал зейін қойып алған біліміміз мәңгі есімізде қалады. Сондықтан да бұл болашақ баспалдағы осылай аталады.

Бұл басқышта:

Өтілген тақырыптарды бойынша сызба арқылы еске түсіріңдер, яғни қаншалықты естеріңде қалғанын анықтаймыз.


Ережені әр оқушыдан сұрау. Мысал келтіру.

Тұжырымдау: Жақсы, қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді, - басқышында тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңді көрсеттіңдер. (Басқышқа жұлдызша жапсырамын)


2 - басқыш: Күш – білімде,

Білім – кітапта, - деп аталады. Яғни, күштің бәрі білімде, білімді біз кітап арқылы игереміз, сол сабақты енді оқулық арқылы жүргіземіз.

40 - жаттығу.

1. Тапсырманы оқыту;

2. Жатқа жаздыру.

Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай торғайды қуантады.

3. Әр сөйлемдегі баяндауыштың астын 2 рет сыздыру.

4. Сөйлемді баяндауышсыз айтып көр, сонда қалай болғанын баянда.


42 - жаттығу.(ауызша)

1. Өлеңді мәнерлеп оқы;

2. Әрбір сөйлемдегі бастауышпен баяндауышты тап.

3. Баяндауыштар қай сөз табынан жасалған. Оларға сұрақ қою.


46 - жаттығу: Ребусты шешсең, төмендегі жұмбақтың шешуін табасың.

Жұмбақ:

Екі доп ауысты,

Бір шеңберді тауысты. (күн, ай, тәулік)


Тапсырма: Бастауыш, баяндауышты табу.

Күш - білімде,

Білім – кітапта, - («Болашақ» баспалдағының тапсырмасын орындап, келесі басқышқа жылжимыз. Жұлдызша қою.


3 - басқыш: «Жүйрік ойлы,

Тапқыр кім?» қаншалықты? Яғни, өзіміздің тапқыр ойға жүйріктіліктеріңді байқап көреміз. Ол үшін: жұмбақ шешеміз:

а) Өзім сөзден тұрамын,

біткен ойды құрамын (Сөйлем)


ә) Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем) «тары»- нүкте


б) Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем) «орақ»- сұрақ белгісі


в) Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты

Білдіріп ойын талайдың

Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем) «шарға ине»- леп белгісі

Жүйрік ойлы тапқырымыз кім болды?

Оқушыларды мадақтау. Жұлдызша қою.


4 - басқыш: Көп білсең

Шыңға жетерсің.

а) тақтадағы сөздерді оқыту: (жүзеді, жанады, ұшады, тігеді, көмектеседі, оқиды).

ә) Сөзге сұрақ қойып, сөйлем мүшесінің қайсысына жататынын анықтау.

б) Осы сөздерге қатыстырып, сөйлем құрап жаздыру.


Өлеңді аяқтау:

1) Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз басады, қатады

Жып - жылтыр боп жатады.

2) Қар атып ойнайды,

Қызыққа тоймайды.

Аппақ қыс, ашық күн,

Ойнатпай, қоймайды.

Міне біз де «Болашақ баспалдағының» шыңы. – Бүгін біз өзіміздің біліміміздің арқасында «Білім шыңына» туымызды тіктік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға біз де өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.


Қорытынды: Білімнің сырын ұғынып,

Шықтық білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді біздерді.

Ғылымдардың сырына.


Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі – жерің де,

Өзіңді - өзің өткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.


Ережені пысықтау, үйге тапсырма, бағалау.