Бақылау диктанты
Мақсаты:
Оқушылардың әліппе пәнінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін тексеру.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар гүл екті. Мұрат жер қазды. Үміт гүл отырғызды. Гүлжан оған су құйды. Гүл жайқалып өсті. /16 сөз/
Грамматикалық тапсырма:
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Оқушылар, Үміт, су сөздерін буынға бөліп жаз.
Бақылау диктанты.
Мақсаты:
Оқушылардың әліппе кезеніндегі алған білім, біліктілерін деңгейін зерттеу.
Мәтінді сауатты барлық каллиграфиялық талаптарға сайкес есту арқылы жазу.
Қыс.
Күн суытты. Қар жауды. Мұз қатып қалды. Балалар жылы киініп далаға шықты. Қардан аққала соқты. Шаңғы, шана тепті. /18 сөз/
Грамматикалық тапсырма:
Қар сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.
Бақылау диктанты
Мақсаты:
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша оқып үйренген білімдерін, меңгеру дәрежесін анықтау.
Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Әдепті бала.
Нұржан мектептен келді. Қолын жуды. Тамақ ішті. Анасына алғыс айтты. Терезеден далада ойнап жүрген достарын көрді.
(18 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Әдепті сөзіне дыбыстық талдау жасау.
жуан дауысты дыбыстардың астын сыз